Quantcast
Channel: Кеудемде қимылдаған жаным барда...
Viewing all 450 articles
Browse latest View live

Шетелде білім алу: Robert Gordon University

$
0
0

Ақмарал Оразалы мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ түрлі олимпиада, ғылыми жұмыстарға белсене қатысатын оқушы болатын. Мектептегі үздік бағаларымен қатар, биік амбициясы оны бір қала төңірегінде қалдырмай, асу асып шетелге алып келді. Бұл ретте оған Ақмарал сынды талаптыларға бағдар болған «Болашақ» бағдарламасы септігін тигізді. Қыз бала болса да Ақпараттық Технологиялар саласын меңгеріп жүрген Ақмаралды әңгімеге тарттық.


- Қай жерде, қай сала бойынша оқып жатырсың?

- Мен Ұлыбританияда Абердин қаласындағы Роберт Гордон Университетінде Ақпараттық Жүйелер Технологиясы саласында мамандық алудамын. Абердин Еуропаның мұнай астанасы әрі гранитті қала ретінде танымал. Бұл қалада жаңбыр өте жиі жауады. Күн шыққан сирек күндері қала тұрғындары қуанып, теңіз жағалауында қыдырады.

Университет қаланың дәл ортасында орналасқан. Техникалық салалары жетік дамыған жаңа университеттердің бірі.

- Ол университетті таңдауыңа не себеп болды?

- Менің ағам бұл университетте оқыған болатын. Өзіне мұғалімдері де, оқытуы да және қаланың қауіпсіздігі де ұнап, маған мақтап айтатын. Сондай-ақ университет таңдар кезде көптеген университеттердің қабылдау мерзімдері өтіп кеткен екен. Сондықтан қабылдайтындарына тапсырып, жауаптарын күткенде екі университеттен хат келді. Соның бірі осы болатын. Мен емес, университет өзі мені таңдады десем де болады.

- Оған түсу үшін қандай кезеңдерден өттің?

- Мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. Біріншіден, оқу орнына өзім түсіп, кейіннен «Болашақ» бағдарламасына тапсырдым. Университетке өзім түсу үшін олармен интернет арқылы сөйлестім. IELTS қорытындыларын, мектеп бағаларымды және басқа да жетістіктерімнің куәліктерін жібердім. Менің ұтқаным – ғылыми жұмысыммен көптеген сайыстарға қатысқандығым, олимпиадалардағы жүлделі орындарым болған шығар. Соларды және 2 айдай дайындалған IELTS тестінің жоғарғы көрсеткіші оларға ұнады. Жалпы қандай да бір шетел университеті оларға тікелей пошта арқылы хабарласқанды ұнатады. Сондықтан қорықпай жаза беру керек. Басында көпті білмедім, дегенмен қолымнан келгенінше тырыстым.

- Қазір қай жерде тұрып жатырсың?

- Алғаш барғанда бірінші курс студенттеріне арналған жатақханада тұрдым. Оның айлық ақысы 350 фунт болатын. Кейіннен екі қыз болып пәтер жалдадык. Айына пәтер ақысы мен коммуналдық төлемді қосқанда 550 фунт шығатын. Биыл жеке-меншік жатақханада тұрдым. Бұл жердің ақысы 650 фунт болды. Әрине, үйде тұрғанның артықшылығы да,  кемшілігі де бар. Артықшылығы – өзіңмен-өзің, артық шу жоқ. Қашан келем десең де, қашан жинаймын десең де өзің білесің. Бірақ - қымбат, азық-түлік сатып алып, коммуналдық шот төлеп, жалпы үйіңнің қауіпсіздігіне алаңдаумен боласың. Ата-анаңмен тұрғанда мұның бірін де ойламайсың, әрине.

- Жалпы ол елде өмір сүру қымбат па?

- Қымбат десем, өтірік айтпаспын. Жалпы ата-атанамнан бөлек түрған бірінші және жалғыз қала болғандықтан, салыстыру қиын. Дегенмен көпшілік те соны айтады.

- Күнделікті оқу күнің қалай өтеді?

- Күнделікті лекциялар, лабораторлық жұмыстар және тюториалдар болады. Лекцияларда оқытушы бізге керек мәліметтің бәрін береді, лабораторлық жұмыстарда оқытылған мәліметтерді іс жүзінде жасап көреміз. Тюториалдарда есеп шығарып, түсінбеген сұрақтарымызды анықтаймыз. Мен техникалық салада оқығандықтан, практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Сол жұмыстарды бітіру үшін кейде университетте кешке дейін қалуға тура келеді. Сондай-ақ біз сол жақтағы қазақ студенттерімен бірігіп түрлі шаралар өткіземіз. Наурыз, Тәуелсіздік Күні сияқты. Сондай шараларда жүргізуші де болып, белсенділік танытуға тырысамын.

- Оқу барысында жасаған жобаларың жайлы айтып өтсең?

- Оқу барысында ойындар және түрлі анимациялар әрі вебсайттар құрастырдым. Ендігі жылы дипломдық жұмысым ретінде ағылшын тілді адамдарға қазақ тілін үйретуге арналған компьтерлік бағдарлама жасамақшымын.

- Ол университеттің мұғалімдері мен профессорларының қандай ерекшеліктері бар? Біздің педагогтардан айырмашылығы қандай?

- Мен елімізде жоғарғы оқу орнында оқымағандықтан, салыстыра алмаспын. Дегенмен ол жердің оқытушылары бізді өздерімен тең санайды. Бізден әрдайым пікірімізді сұрайды. Лекцияларды бос, көңілді өткізуге тырысады. Теорияны ғана үйретпей, өмірлік ақыл да, жұмысқа керек практикалық білім де үйретуге тырысады.

- Жалпы ол елдің білім беру жүйесі мен Қазақстанның білім беру жүйесін салыстырып көрсең? Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

- Ұқсастықтары - екі жақта да төрт жылдық оқу. Ал ең басты айырмашылығы – біздің елдің студенттері жалпы сабақтарды көп оқиды. Ал мен орықп жүрген университетте бірден мамандыққа ғана керек пәндерді оқытады. Сонымен қатар, практикалық білімге көп көңіл бөлінеді.

- Ал студенттерінде ше?

- Қазақстан студенттерінде басқа тіл оқысам деген ұмтылыс көбірек шығар. Екі елдің адамдарында да, дәстүрлерінде де айырмашылық сезіледі. Олардың санасы тәуелсіз.

- Бітіргеннен соң қандай жоспарларың бар? Қай жерге жұмысқа тұрғың келеді?

- Бітіргеннен соң Қазақстанға келіп, елімізді дамытуға ат салысуға құштармын. Екі ел арасында жүргенде біздің кем жерлеріміз қатты сезіледі. Соны кішкене де болса өзгертсек жақсы болар еді. Қай жерге жұмысқа тұрғым келетінін әлі білмеймін. Ол жағдайға байланысты болар. Кейіннен өз ісімді ашқым келеді.

Айжан Кәрібаева

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

University of Warwick


Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайына фото шолу

$
0
0

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайы

Мекен-жайы: Фурманов көшесі 127 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысында)
Мұражайдың жұмыс уақыты: сағат 10.00 - 17.00
Үзіліс: сағат 13.00 - 14.00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Тел: +7 (727) 296 49 49

Мұражайға кіру: Тегін

Ерекшелігі: Теміржол саласында оқитындарға, не қызыққандарға мұражай ішінде кішігірім кітапхана мен оқу залы бар. Қалаған адам бұл жерде дайындалып, қажетті ақпараттарын ала алады.

Қазір пойыздардың бағыты микрофон арқылы хабарланатын болса, бұрын жолаушыларды шығарып салушы да, қарсы алушы да осы қоңырау болған.

Жібек жолы залы. Бұл зал көрерменді «Жібек жолынан» бастап теміржолдың пайда болғанына дейінгі тарихпен таныстырады.

Қазақстан аумағындағы алғашқы теміржол Орал мен Ресейдің Покровская слобода (қазіргі Энгельс) қалалары арқылы өткен. Бұл теміржолдың ұзындығы 420 км болса, соның 120 км-рі Қазақстан арқылы өткен.

Бірақ біздің теміржол тарихымыз бұл аумақты қамтымайды. Біздің тарих 1901 жылы Орынбор - Ташкент теміржолы салына бастаған уақыттан басталады. Соның ішінде Орынбор - Қазалы 1904 жылы салынған. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы теміржол тарихы өз бастауын алады.

2004 жылы Қазақстан теміржолының 100 жылдық мерейтойы тойланды.

“Алғашқы теміржол тарихы”.
Бұл залда алғашқы теміржолдың түрлі пойыздар мен локомативтері, осы саладағы түрлі техникалардың пайда болу тарихы баяндалады.

Ең алғашқы теміржол Англияда пайда болған. Одан кейін біртіндеп Ресей патшалығына келе бастаған.

Бұрынғы кезде паровоздарды су, көмір және құрғақ құммен толтыратын. Көмірді жағып, үстіне су құйып, пойыздар будан энергия алу арқылы жүретін. Ал оны тоқтату үшін дөңгелектеріне құм себетін.
Паровоздың жұмыс бригадасы үш адамнан тұрған: машинист, машинисттің көмекшісі мен отын жағушы.

1958 жылы Қазақстандағы Арыс станциясында алғашқы тепловоздар пайда болды.

1962 жылы Целиноград пен Қарағанды қалалары арқылы электровоздар жүре бастады.

1931-ші жылы салынып біткен Түркісіб теміржолының салыну тарихы жайында да осы залдан біле аласыз. Луговая станциясы мен Семей арқылы өткен бұл теміржол торабының Алматыға жақын жердегі Айнабұлақта тоғысатын жері болған. Кезінде сол жерде теміржолшылар түрлі мерекелерді тойлауға жиналатын. Бүгінгі күні жыл сайын теміржолшылар «Теміржолшылар күнін» тойлау үшін дәл осы жерде жиналады.


Қазақстан аумағында 10 мыңнан астам инжинерлік құрылыс бар. Олар: теміржол көпірлері, тунель, депо, вокзал т.б.

Бұрын вокзалдарда осындай жергілікті, астана және Мәскеудің уақытын көрсетіп тұратын сағаттар болатын

Бұл “Алматыға келген алғашқы пойыз” деген туынды. Бұны салған теміржолшы, суретшілер одағының мүшесі Асқар Сәрсенбеков.

Үшінші зал теміржол саласында еңбек сіңірген майталмандардың түрлі марапаттармен, құжаттармен және жеке дүниелерімен толтырылған.

Зәбира Жүсіпова - алғашқы паровоз жүргізуші қазақ әйел.

Теміржол әлемдегі ең қажетті көлік болып саналады. Өйткені әуе транспорттары ауа райы жаман болғанда ұшпай, ал авто транспортттар қыста жолдар жабылып қалса жүрмей қалады. Тек ауа райына қарамай, күн демей, түн демей жүре беретін бірден бір көлік осы пойыз.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

«Қазақ маңдайынан иіскеп, бала тапқыза берген» түсінігінің заманы өткен»

$
0
0

Эльвира Ерғалина Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Төрткүл елді-мекенінде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Алматыдағы ҚазҰУ-дың филология факультетін тәмамдады. Қазір «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясында жұмыс істейді. Отбасында 4 ұлдан кейінгі жалғыз қыз. Бүгінде Қазнетте танымал қыз-келіншектерге арналған «Айқаракөз» сайтының авторы.

— Айқаракөз сайты қашан пайда болды, атын неге осылай қойдың?

— Бұл жоба біраз уақыт бойы ойымда ғана жұмыс жасап жүрді. Сырқаттанып, төсекте біраз уақыт жатып қалдым да, бар ермегім — ғаламтор болды. Сонда орыс тілді болсын, Ресейдің болсын қыздарға арналған сайттарын көп ақтардым. Өзімнің де осындай сайтым болғанын армандап қойдым. Танысым өз сайтына сілтеме ұсынғанда, мен де сайт ашсам, қалай болады деген ой келді. Тек бірнеше айдан кейін ғана сайтты жасауға тапсырыс берілді, тәуекелге баруға қорыққан сыңайлымын.
Мәдина Ералиеваның «Айқаракөз» әнін Жігіттер тобы сәтті орындап шықты, сол әсер етті. Жалпы, осы есім өзіме ұнайтын, әдемі естіледі. Оның үстіне мен таңдаған біраз домендер бос болмады, кейбірі теруге қиындау болды. «Айқаракөзге» тоқталдық. Сайт 2012 жылдың 31 қаңтарында жұмысын бастады.

— Сайтта неше адам жұмыс жасайды?

— Сайтта әзірге бір ғана адам жұмыс жасап жатыр. Ара-тұра тамыр-таныстыққа салып, қол ұшын беретін, жазбаларын ұсынатын құрбыларым бар. Бір өзім жұмыс жасауі аса қиын болмағанымен, күнделікті жазба салуда кедергілер болады. Өз жұмысым қауырт болған уақыттарда сайттағы жазбалардың апталап жаңармай қалатын кездері көп.

— Жобаның тақырыбын, концепциясын қалай таңдадың?

— Қазақтілді қыз-келіншектерге ақпарат беруші сайт болатынын әуел бастан жоспарлаған соң жан-жақты болғаны дұрыс деген тоқтамға келдім. Сайттың аудиториясы кең болғанын қалап, жас қыздарға сән мен сұлулықты, келіншектерге тұрмыстағы кеңестер мен күтімді, апа-әжелерге дәстүр туралы жазбалар жариялауды жөн көріп, соған орай біраз ізденіс болды. Әркім іздегенін таба алатындай жұмыр дүние болса деген ниеттен туған идея еді. Алғашында мүлдем басқа болып ашылған сайттың дизайны Аршат Оразовтың көмегімен өңделді.

— Сонда әдемілік пен сұлулықпен қатар, қазақтілді жобалардың дамуына да ықпал жасап отырсың...

— Иә, жобамыздың тағы бір мақсаты — ғаламторда тәй-тәй басып келе жатқан қазақтілді контенттің толығуына аз да болса үлес қосу. Жарияланымдардың біразы аударма болғандықтан «онсыз да бар дүниені қайта жасаудың қажеті қанша» деген ой тууы сөзсіз. Бірақ, қажетті ақпараттарды өзге тілден тауып, оны аударып оқуға біреудің уақыты, біреудің мүмкіндігі бола бермес. Қаракөздерімізге қажет деп тапқан ақпараттарды жеңіл, түсінікті тілде жеткізу де — жобаның алға тартар мақсаттарының бірі.

— Жобаңа қаржылай көмектесіп жатқан жандар бар ма?

— Демеушілік көрсетіп, қаражат көзі болып отырған ешкім жоқ. Сайт — өз қалауым болғандықтан, өз қаражатыма аштырдым, әрине. Қолдау көрсетіп, команда жасақтауға септігін тигізетін мүмкіндіктер ұсынылып жатса, келісермін, әлі өздігімнен сырттан көмек іздеп көрген жоқпын.

— Қандай сайттардан үлгі аласың? Қайсысынан шабыт алып, үнемі оқып тұрасың?

— «Мына сайттан үлгі аламыз» дейтіндей тақырыбымызға сай келетін қазақ тілді сайттар қатары көбейген жоқ қой. Сондықтан тақырыптас орыстілді мыңдаған сайттарға аздап шолу жасап тұрамын. Ал жалпы қазақ тілді сайттарды әлеуметтік желілерге берілген сілтемелер арқылы қалт жібермеуге тырысамын.

— Сайтта авторлық материалдар жиі болып тұра ма, көбінде қай тақырыпта?

— Сайттағы ақпараттардың жартысы — аударма болса, біразы авторлық материалдар. Авторлық материалдар сайттағы айдарлардың барлық тақырыбын қамти береді, ал көбірек жазылатын авторлық материалдар оқырмандардан келетін сұрақтарға жауап, мамандардан арнайы мәліметтер, сауалнама арқылы жүргізілетін сараптамалар, ерлерге қатысты ақпараттар мен үй шаруасындағы кеңестер туралы жазылады.

— Сайтқа күніне қанша адам кіреді және көбінде қандай тақырыптар аса танымалдылыққа ие болып тұрады?

— Сайтқа күніне кіретін адам саны 400-500 аралығында. Болашақта бұл көрсеткіш өседі деген сенімдеміз. Қазіргі уақытта танымалдыққа ие боп тұрған интимді тақырыптар, оның ішінде төсек қатынасы, алғашқы қосылу және дене күтімі туралы тақырыптар. Бірге жарияланған бірнеше жазбалар ішінен де осы тақырыптар бірінші оқылады.

— Сайтта келешекте қандай өзгерістер, толықтырулар болады?

— Видеоблог енгізсем деген ниет бар. Жалпы ойда жүрген жоспарлар көп. Оны жүзеге асыру уақыттың еншісінде, сол кезде көре жатарсыздар.

— Биыл сайтыңды бірнеше ұлттық портал «жарнамалап», ақылын айтып, дау-дамай туғызды. Біздің аудитория осындай ұсақ-түйек нәрселерге неге құмар, ал одан да маңызды мәселелерге неге белсенділік танытпайды деп ойлайсың?

— Дұрыс айтасың, ғаламтор бетіндегі қазақтілді аудиториядағы көп мәселелер халықтың біржақты пікірінен дұрыс қалыпқа түсе алмай жатқан сияқты. Айналаңдағы құбылысқа қарап, өзің де соған икемделесің, бәрібір ықпалын тигізеді. Заманына қарай заңы, орманыңа қарай аңы...

«Айқаракөз» сайты өз ісін бастағалы бері ондағы ашық әңгіме алаңындағы тақырыптарға бірнеше ұлттық порталдар сын айтып, халық арасында теріс пікір қалыптастырып үлгерді. Тіпті сайтты қойып, менің жеке басыма қол сұққысы келген әрекеттері де жоқ емес. Мұның барлығынан өзіме қажеттісін ғана қабылдауды үйренгем. Бір адамды көкке көтеру үшін бірнеше адамды балшыққа батырудың еш қажеттігі жоқ. Сайтта да солай, бір ғана айдардың тақырыбынан бүкіл сайтты жоққа шығарып, толықтай күйе жағу жарамас. «Қазақ маңдайынан иіскеп, бала тапқыза берген» деген түсініктің заманы өткен секілді. Қазір отау құрған жастардың уақыт өтпей ажырасуына алып келетін себептің бір ұшы — екеудің құпиясын жетік білмегеннен. Бұл жайлы сол саланың мамандары аз айтып жүрген жоқ. Мұны «Ашық әңгіме» айдарына жолданатын оқырмандардың сұрақтарынан да байқадым. Жаһандану деп жан ұшырған заманда бұл тақырып төңірегінде әңгіме өрбіткенді артық деп санамаймын. Әркімнің түсінігі әр түрлі ғой...

— Келешегіңді қай саламен байланыстырасың, сайттан басқа не мақсатың, не арманың бар?

— Адамда арман таусылған ба... Шығармашылыққа бір табан жақын болғандықтан, болашағым да осы саладан алысқа кетпейді деп ойлаймын. Сайттан халықтың қажетіне жарар бір дүние табылса, мақсатымның орындалып жатқаны деп білем.

— Бос уақытта немен шұғылданасың? Хоббиің бар ма?

— Жұмысымнан уақыт босап жатса, сайтқа материалдар жазамын. Одан да артық уақыт табылып жатса, блог жазып, пікір алмасамын. Достарыммен жиі кездесіп, уақытты көңілді өткізуге тырысамын. Хоббиім — сайтым. Спортпен шұғылдануым фитнес клубтардан ары аса қойған жоқ.

— Сүйікті шығармаларың қандай?

— Поэзияны жаным сүйеді, ақындардың жаңа жарияланған шығармаларын күнделікті оқып отыруды әдетке айналдырғам. Прозадан Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын», Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхатын», Сайын Мұратбековтің «Жусан иісін» сүйікті шығармаларымның қатарына қосамын.

— Уақыт тауып, бізге сұхбат беріп отырғаныңа көп рахмет, мақсаттарыңа жете бер.

Материалды дайындаған Әлия Сембай

Пойыздағы экономикалық тіршілік

$
0
0

«Құрметті жолаушылар, сіздердің назарларыңызға»... Жүйіткіген пойыздың шуы дауыстан басым түсіп, айтылар сөз естілмей қалды. Етегіңнен тартып, есіңді кетіретін қоғамда ақша табу оңай болып тұрған жоқ. Әсіресе, жоғарғы білім алмағандарға. Жаппай сатып ал, алып кел, сат... Айтуға жеңіл, қарекетте ауыр. Базардағы экономикадан пойыздағы сауда қызықтырақ секілді.

Зерттеп көрелік:

Пойызда саудамен айналысуға қалтаның шұрық тесіктігі итермелейді. Тыным көрмеген екі қол, екі аяқ дамыл таппай тыпырлайды. Нәпақаны осылай табудың өзі қиын. Үрлеп ішіп, шайқап төккен байлық емес. Жолаушы діттеген мекеніне жетсем десе, пойыз тасымал қызметін дұрыс атқарсам дейтін секілді. Ал, сатушы тауарымды алса екен деп тілеумен болады. Егігннің ебін, сауданың тегін үйренсе несі айып? Маркетологтардың айтуы бойынша, пойызда сұранысқа қарай сатуға болады. «Көрдім, ұнады, сатып алдым» принципіне лайықталғаны лазым. Осы орайда «Арыс» станциясынан Нұржамал Айтжанова деген сатушымен сұхбаттасып көрген едік:

- Осы кәсіппен айналысу арқылы байығандар бар ма?

- Біреудің қазанына қасық, қамбасына күрек салып жатқан жоқпыз. Күнделікті нан-пұлымызды, тамақтарымызды жамап жүрген жайымыз бар. «Өзім пойызда жүріп байып кетіпті» дегендерді естігем жоқ. Жоғары айналыммен айналыспаса...

- Жұбайыңыз қандай қызмет атқарады?

- Алматыға құрылысқа кеткен. Екеуміз екі жақтап тірнектеп, балаларымызды оқытып жатырмыз. Мына пойызда кейбір саудагерлердің күйеулері де жұмыс жасамайды. Әйеліне арқа сүйеп алған десе болады. Ауылдың тіршілігі осы.

- Неге базарда саудамен айналыспайсыз?

- Базарда адам көп. Оның үстіне көпшілігі қарызға алады. Пойыздың бір жақсысы – қаражатты қолма-қол аласың. Оның үстіне өзіңе-өзің қожайынсың.

Осылайша бізге көңіл тиегін біршама ағытты. Біраз жайтқа қанық болдық. Жолаушылар да пойыздағы тіршілікке үйреніп қалған. «Балаларын аяққа тұрғызамын деп жүр ғой» деп түсіністікпен қарайды екен.

Істің заирына үңілу мақсатында «Алматы –Орал» пойызында саудамен айналысуға белімді бекем будым. Сауда экспериментім екі жарым сағатқа созылды. Аз уақыттың өзінде тәулігін пойызбен өткізетін жандардың тыныс-тіршілігімен таныс болдым. Түркістан базарынан бастырманы 600 теңгеге  алып, «Арыс – Түркістан» аралығына 500 теңгеге билет сатып алдым. Тауарымның үстемесіне 200 теңге ғана қойдым. Ал, сіз базардан мұны 1000 теңгеге сатып аласыз. Осылайша 10 тауарды саттым. Мен сауданың қызған сәтіне тап келіппін. Билетімді қоспағанда 1500 теңге пайда таптым. Теңге, теңге деп кеттім-ау! Сауданың парқы осылай. Жолаушылардың көпшілігі сыйлыққа сатып алады екен. Себебі, батыс өңірінде тауар бағасы қымбат. «Таңғы сауда – сауда, түскі сауда – қауға». Саудагерлердің нақыл сөзі бұл. Таңмен бірге оянып, пойыздың жол торабына қарай жол тарта береді екенсің.

Әдемілікті бүкіл жерде қажетсінеді. Сыртқы көрінісің – тауарыңның тұрпаты. Сонда ғана адамдар саған қарай тартылып, бизнес жүзеге асады. Бірақ, тамақ сататындардың жөні басқа... Санитарлық талапқа сай екендігіне ешкім көз жеткізіп жатқан жоқ. Дүкендегі бағадан біршама қымбат.

Тағы бір қызық! Бірде досым жол жүргенде «Мен мүгедекпін, ештеңе естімеймін, сөйлей алмаймын» деп жазылған хат пен кітапшаларын ұсыныпты. Кітаптың бағасы 400 теңге екен. Досымда 500 теңге бар. Енді қалай түсіндірсем болады деп дал болып тұрғанында, жанындағы жолаушы сұрақты төтесінен қойып қалады. Саңлау, мылқау болып тұрған «100 теңге қайтара аламын» деген кейіпте басын изепті. Бұл жайтқа естігенде-ақ аңтарылып қалдым. Алланың бермеген ауруын қалайша «болдым» дер. Адам құлқынның ғана қамын күйттейтін мақұлық емес сияқты еді? Бір күндік бақай есеп қой сонда. Пойыздар да боздайды екен... Бес саусақ бірдей емес, әрине. Т.Шапайша айтсақ : «Өркениеттің бүлкілдеп соққан қан-тамыры – ақша. Құлымыз, құдайымыз – ақша. Құртушы, құтқарушымыз – ақша. Адамзаттың ажалы да – сірә, осы ақшадан». Бұдан асыра айтам деу асылық болар, сірә.

Матеариалды дайындаған: Салтанат Сүгір

Фото: Айжан Кәрібаева

Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты

$
0
0

Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі»
деп аталатын торт жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр.

Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ.

  • Ұн
  • 1 стақан қант
  • 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
  • 250 г маргарин
  • 2-3 жұмыртқа
  • 1 банка қоюлатылған сүт.

Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз.

Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз.

Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз.

Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз.

Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз.

Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қытырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз.

Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз.

Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады :)

Ас болсын!

Асханада болған Айнұр Ракишева

Видеоблог: Менің сүйікті кітаптарым

$
0
0

Сәлем, достар! Бүгін «Екпін» видеоблогының екінші көрсетілімін алдарыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жолы тақырыпты кітап әлеміне арнадық. Жобамыздың бағытына сай театр, балет, көрмелер секілді шаралар бізге жақын екенін білесіздер. Әдебиет әлемі де біз үшін маңызды тақырыптардың бірі. Осы материалда журналисіміз Айжан Кәрібаеваның кітап сөресімен таныс боласыздар.

Бүгін сіздермен сүйікті әрі қызықты кітаптарыммен бөлісіп отырмын. Әдеттегідей айтқым келген дүние бұдан да көбірек, бірақ соның кіші бөлігін болса да жеткіздім деп ойлаймын.

Монтаждау барысында Samson «Стив Джобстың кітабын орысша оқып жатырсың ба?» деп сұрады, мен: «Иә, шетел кітаптарын көбінесе орысша оқимын» десем, «Ал орысша оқи алмайтындар не істейді сонда?» деп таңырқап қалды. Шындығында, біраз классикалық туындылардың аудармасы бар болғанымен, соңғы шығатын әлемдік бестселлерлердің қазақшаға аударылмайтындығы өкінішті. Қарап отырсақ, бұл қолдан келмейтін әрекет те емес, жыл сайын аудармашы мамандығын бітіріп жататын мамандар қаншама. Тек осы сала бір жүйеге келтіріліп, белсенді әрекет ететін механизмге айналса, бес-алты жылда ол да үйреншікті іске айналып кетер еді. Әлемнің көптеген үздік авторлары мен озық идеяларын өз ана тілімізде оқығанға не жетсін.

Сол үшін, меніңше, қазірден кітапқұмар қазақ оқырмандары бар екендігін көрсету керек, олардың қатарын толықтыру өз қолымызда. Сұраныс болса, ұсыныс та болады. Сондықтан кітап оқудан жалықпайық, кітапқа деген құмарымыз қанбасын.

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

$
0
0

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайы

Мекен жайы: Сейфуллин көшесі 551 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында)

Мұражайдың жұмыс уақыты: сағат 10.00 - 17.00

Сенбі: сағат 10.00 - 14.00

Жексенбі: демалыс

Тел: 8 (727) 267 60 39

Мұражайға кіру:

Үлкендерге - 70 тг.

Студенттерге - 50 тг.

Кішкентайларға - 30 тг.


Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) (1864-1919)

Елу бір пұт гірдің тасын көтерген, байтақ даланы әнге бөлеп ғұмыр кешкен, қазақ халқының сазгер, айтулы әншісі, ғажайып шабандозы Қазақстанда бірінші болып дене-тұлғасымен салмақ көтеруде (816 кило) рекорд жасаған.

Балуан Шолақ жуандылығы білектей темірді доғаша иіп, мойнына орап, қайта жазған құдіретті қара күштің иесі.

Қажымұқан Мұнайтпасұлы (1871-1948)

Батырдың алып тұлғасының өлшемі: бойы - 198 см, салмағы - 139 кило, аяқ киімінің мөлшері - 54.

Патша заманында-ақ өнер сайысына білек сыбана шыққан күш атасының саңлақ өкілдерінің бірі, әрі бірбеткейі. Әлемдік күрестерде қазақ халқының даңқын көкке көтерген, талай рет дүниежүзілік жарыстарға қатысып, еркін күресте, французша (грек-рим) күрестерінен бірнеше дүркін чемпион тәжін киген. Өз халқының Батыры атанған (1927) тұңғыш қазақ-кәсіпқой палуаны.

Бірінші зал - әлем, Еуропа мен Азия чемпиондарына арналған зал.

Екінші зал - Тәуелсіз Қазақстан залы

Еуропа чемпионаты (Тампере қаласы, Финляндия, 1987 жыл)

Ең биік мінберде тұрған Еуропа чемпионы Д.Б.Тұрлыханов (греко-рим күресі)

Үшінші зал - Салауатты өмір салтына арналған зал

Төртінші зал - Олимпиада ойындарына арналған зал

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайына фото шолу

Олимпиада туралы кино тізімі

$
0
0

Құрметті оқырман, биылғы Олимпиада бәрімізге ұмытылмас жеңістерін сыйлап, баршамызды жаңа жетістік пен белестерге жетуге ықпал жасауда. Спортшыларымыздың өнерін тамашалай отырып, «Екпін» журналы Олимпиада атты мерекеге арнап түсірілген кино тізімін ұсынады.

«Олимпия»
Режиссері: Лени Рифеншталь
Жанры: деректі, спорт
Шыққан жылы: 1938 ж.

Актриса, продюсер, сценарист, режиссер, оператор Лени Рифенштальдің туындысы. Олимпиадалық ойындар — тек спортсмендер мен жаттықтырушылардың емес, бүкіл ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл фильм сол мезеттің бар маңыздылығын, ерекшелігін жеткізе білген. Антикалық кезеңнен 1936 жылға дейінгі Олимпиадалардың тарихын баяндайтын туынды Венециялық кинофестивальде Муссолини кубогына ие болған. Ал Лени Рифенштальге 1936 жылы өткен берлиндік Олимпиадалық ойындардың алтын медалі табысталады. Бұл кинокартинаның новаторлық операторлық жұмысын да атап өту керек. Өйткені ондағы түрлі жаңа ракурстар мен спецэффектілер өзінен кейінгі жұмыстар үшін әрдайым жүгініп отыратын үлгіге айналды.

«Олимпиада-80. Победить любой ценой»
Авторы: Сергей Медведев
Жанры: деректі
Шыққан жылы: 2010

Ресейлік Бірінші арнаның деректі фильмі. Фильмде 80-ші жылғы Олимпиаданың қалай өткендігі, үлкен шараға байланысты Мәскеудің қалай өзгергендігі жайында айтылады. 19 тамызда алғаш рет коммунистік мемлекетте XXII Олимпиадалық ойындардың алауы жағылады. Бұл дүбірлі мерекеге астана 5 жылдай дайындалған. Сол аралықта Олимпиада төңірегінде қаншама шым-шытырық оқиғалар өтті. Олимпиаданың Мәскеуде өткізілмеу қаупі де болмай қойған жоқ.

«Астерикс Олимпиада ойындарында»/«Astérix aux jeux olympiques»
Режиссері: Фредерик Форестье, Тома Лангманн
Жанры: комедия, фэнтези, отбасылық
Шыққан жылы: 2008

Олимпиада ойындары тақырыбындағы комедиялық фильм. 2008 жылы шыққан Фредерик Форестье мен Тома Лангманның туындысында көптеген атақты жұлдыздар көрінді. Олардың қатарында: Михаэль Шумахер, Жан Тодт, Зинедин Зидан, Жерар Депардье мен Ален Делон де бар. Жеңіл әрі көңілді фильм Олимпиада ойындарын ежелгі заманмен байланыстырады. Өз қаһармандары мен зұлымдары бар әдемі ертегіні отбасымен бірге отырып көруге болады.

«Мюнхен»
Режиссері: Стивен Спилберг
Жанры: саяси драма
Шыққан жылы: 2005

Атақты американдық режиссер Стивен Спилбергтің фильмі. Саяси драма 1972 жылғы Мюнхендегі жазғы олимпиадалық ойындарда орын алған терактты негізге ала отырып түсірілген. Израильдің 11 спортшы делегациясын палестиналық «Қара қыркүйек» тобы қамауға алып, Израиль түрмелерінде жатқан аса қауіпті қылмыскерлерді босатуын талап етеді. Басты рөлдерде: Эрик Бана, Дэниел Крэйг, Киаран Хиндс, Матье Кассовиц.

«Animalympics»/«Жануарлар олимпиадасы»
Режиссері: Стивен Лисбергер
Жанры: мультфильм, отбасылық, спорт
Шыққан жылы: 1980

Бұл жануарлар олимпиадасы жайында қызықты, әрі көңілді мультипликациалық фильм. Мультфильмде шат күлкі сыйлайтын эпизодтармен қатар, танымдық эпизодтар да көптеп кездеседі. Сонымен қатар, құлаққа жағымды музыкасының өзі көрерменге ләззат сыйлайды. Жануарлар олимпиадасынан бүкіл әлемге телерепортаж беру форматында жасалған мультфильмнен режиссердің әр елдің адамдарының жүріс-тұрысын, іс-әрекетін жануарлар арқылы шынайы жеткізе білгендігін көреміз.

«Cool Runnings»/«Шұғыл бұрылыс»
Режиссері: Джон Тёртелтауб
Жанры: комедия, отбасылық, спорт
Шыққан жылы: 1993

Бұл 1988 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен қысқы Олимпиадада жеңіске жеткен Ямайканың бобслей командасының оқиғасы негізінде, яғни шынайы өмірден алынған оқиға желісімен түсірілген фильм.

Фильмнің желісі бойынша Олимпиадаға өте қатты қатысқысы келетін ямайкалық төрт жігіт өздері айналысатын спорт түрінен жеңіліске ұшырағаннан соң, не болсада олимпиадаға қатысамыз деген мақсаттарынан таймайды. Сөйтіп олар бобслеист болмақшы болады. Бірақ олар тұратын Ямайкаға спорттың бұл түрі тән емес, әрі жылы ауа райына байланысты бобслей мұнда тіпті жабайы көрінеді. Олардың аңсаған армандарына жету жолында осындай үлкен кедергі тұрып, енді бәрі бітті ме дегенде көмекке Ирвинг Блитцер келеді...

«Visions of eight»/«Сегіздің көзімен»
Режиссері: Милош Форман, Клод Лелуш, Юрий Озеров, Май Зеттерлиг, Кон Итикава, Джон Шлезингер, Артур Пенн, Майкл Флегар
Жанры: деректі, спорт
Шыққан жылы: 1973

Бұл фильм 1972 жылдың 26 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында Мюнхенде өткен ХХ жазғы Олимпиада ойындары жайында. Сол кездегі олимпиадалық ойындар барысында түсірілген видеолар арқылы 1973 жылы «Сегіздің көзімен» атты деректі фильм дүниеге келді. Фильм 1972 жылдың 5 қыркүйегінде Олимпиадалық ойындар тарихында орын алған ең үлкен трагедияның баяндалуымен құнды болып саналады. Олимпиада аяқталуына 5 күн қалғанда палестиналық «Қара қыркүйек» деп аталатын террористік ұйымы Израиль делегациясының адамдарын тұтқынға алып, 11 тұтқынды өлтірген болатын. Әлемді дір еткізген бұл оқиғамен қатар, осы олимпиада кезінде орын алған өзге де оқиғаларды бұл фильмнен көруге болады.

«Олимпиада и Лондон: брак по любви»
Авторы: Дмитрий Сошин
Жанры: деректі
Шыққан жылы: 2012

Өз тарихында үшінші рет жазғы Олимпиада ойындарын өткізгелі отырған британдықтар және олардың биылғы ХХХ Олимпиада ойындарына дайындықтары жайында «Бірінші арнаның» жеке корреспонденты Дмитрий Сошин өзінің «Олимпиада және Лондон: махаббаттан құрылған неке» деп аталатын деректі фильмінде толық баяндап береді.

Бұл фильмде суретші, әртіс, музыкант, атақты аспазшы және, әрине, қарапайым тұрғындар отанына деген сүйіспеншілігін білдіріп отырған әңгімесін тыңдап, нағыз Британияны тамашалай аласыздар!

© Екпін

_________________________________________________________________________

Киносүйер қауым, бұл тізімді бірге толықтырайық.


БАҚ Олимпиада 2012 туралы не жазып жүр?

$
0
0

Құрметті оқырман, осы аптада біз Олимпиада 2012 кезінде қазақ тілінде жазылған қызықты спорт материалдардың дайджестін жасап отырып, шетелдік газеттер еліміздің Лондондағы жетістіктері туралы не жазып жатқанын тағы ұсынып отырмыз.

_______________________________________________________________________

Олимпиада ойындарын жүргізетін қазақстандық комментаторлардың жұмысына көңіліңіз тола ма?

Дариға Тұранқұлова, сахна тілінің ма­ма­ны, академик, өнертану профессоры:

– Олимпиада ойындарын қарап, көріп жүрмін. Қазақстандық комментатор жігіттердің жұмысына көңілім толмайды деп айта ал­май­мын. Жұмыстары жақсы, тырысады, ойынды барынша жеткізуге деген құлшыныстары бар, ойлары да түсінікті. Бірақ тіл техникасы жетіспейді, арасында тіл байлығы жетпей жатады. Тіл техникасының өзі бірнешеге бөлінеді. Мысалы, эфирлік тіл, сахналық тіл техникасы (мақала толығымен).

Қазақстанды спорттық державаға айналдырған Олимпиада

Ресейлік блоггер Олимпиада ойындарындағы медальдарды халық санына шағып есептеп шыққан екен. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан бірінші болып шығады.

Соңғы бір апта әлем үшін Қазақстанмен танысу апталығына айналды. Дәл қазір Тұманды Альбион еліндегі әлемдік спорт додасы Қазақстанның сыртқы имиджін жақсартуға арналған шара секілді көрініс беріп жатыр (мақала толығымен).

«Біз Қазақстанға күлетін ек»


Қазақстан құрамасының Лондон Олимпиадасындағы жетістіктері бүкіл әлем үшін «тосын сый» болған сияқты. Ойда жоқта орыстардың Абайды іздеп, оқи бастағаны сияқты («ОккупайАбай»), әп сәтте әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұртшылық Қазақстанды танып жатты. Екі күнде екі алтын алып 4-орыннан, 4 күнде 3 алтынмен 6-шы орыннан көрінген құрама жайында ғаламторда кімдер не демей жатыр. Виртуалды тораптағы пікірлер жарысын  бақылау көгілдір жәшіктегі спортшылар бәйгесін бақылаудан кем түспейді. Әнуар Нұрпейісов, Нұртас Адамбаев, Әсел Сәдуақасова, Аян Өтепбергенов сияқты шоу бизнес өкілдері, өзге де интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілерде  ойларын іркіп жатқан жоқ (жалғасы). 

Зүлфия – қазақтың қызы, Алматыда туған, ал Қытай «жалға берген спортшымыз» деп намысқа тиеді


Соңғы жылдары әлемдік деңгейде салмағы артып, алып елдердің көшін бастауға ниет білдірген Қытайдың дөңайбат мінезі жаңа дүниежүзілік алпауыттың бас көтеріп келе жатқанын байқатқандай еді. Бұл жан-жағына жалын шашқан ақырзаман айдаһарының тікбақай келбетін елес­теткен. Сол айдаһар мұхиттың ар жағында өз саясатын Еуропаға, қала берді бұрынғы ТМД мемлекеттерінің бірқатар азиялық кеңістігіне бұлдап келе жатқан салмағы тым ауыр АҚШ-қа да қабақ шытып, «менімен санаспасаң болмайды» дегендей қыр көрсете бастап еді. Бүкіл әлем: «Апыр-ау, ұйқыдағы айдаһар ояна бастады ма?», – деп, тіксініп қалған. Ірінің аты – ірі, үрей буған көбісін (жалғасы).

Қазақ қоржынында он медаль

Лондон Олимпиадасының аяқталуына екі-ақ күн қалды. Әзірге қазақ қоржынында он медаль бар. Дегенмен, әлі де жүлде қорымыз молаяры сөзсіз.

Жалпыкомандалық есеп АҚШ пен Қытай арасында өрбуде. Бір күн американдықтар көш бастаса, екінші күні Ұлы жібек елі алға шығып кетуде. Осы жолы кезек американдықтарға жеткен секілді. Қытайдан екі алтыны артық АҚШ әзірге алда. Ал бірінші аптасын сәтсіз өткізген Ұлыбритания Олимпиаданың екінші аптасында қоржынын 25 алтынмен толықтырып үлгерді (жалғасы).

О национальной гордости казахстанцев

Cборная Казахстана завоевала уже шесть золотых медалей, обогнала в общекомандном зачете Германию и вот-вот настигнет Италию. При этом на прошлой Олимпиаде у нашего азиатского соседа было всего два «золота» (и 13 медалей в целом). В чем же секрет успеха Казахстана?

Возможно, завесу тайны чуть-чуть приоткроет история с иркутянкой Светланой Подобедовой, принесшей «золото» Казахстану в тяжелой атлетике. О том, почему спортсменке не дали выступить за Россию, не сдерживая эмоций, она говорила сама: «Давайте я не буду называть имен. Тренерский штаб „тащил за уши“ в сборную России девушку-москвичку, а меня просто убрали. Когда Алексей Геннадьевич позвонил (главный тренер сборной Казахстана Алексей Ни), я даже не раздумывала, сразу приехала в Алматы. А главному тренеру женской сборной России Пархоменко я все сказала в глаза» (Московский Комсомолец газетінен).

Shock for gold medal hope Savannah as world champion Marshall suffers defeat

Great Britain's reigning world champion Savannah Marshall suffered a shock 16-12 defeat in her opening bout to Marina Volnova of Kazakhstan.

Marshall lacked a little timing in the early stages against the former world silver medallist, who lunged in with right hands and had some success in knocking the Hartlepool fighter out of her rhythm.

Marshall began to land right hands in the second, but Volnova also stepped up the pace, bulling side and finding some success with uppercuts, and at the halfway stage of a nervy affair the score was level at 7-7 (MailOnline-дағы материал).

Жексенбілік дастархан: Қызыл шие бәліші

$
0
0

Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенбілік дастарханымызда қызық шие қосылған бәліш, оның дайындалу әдісі де оңай әрі тез.

Бізге қажетті заттар:

Шие - 550 г.

Майсыз сүзбе - 500г.

Қант - 1/3 стақан (80 г.)

Жұмыртқа - 2 дана

Ванилин - 1-2 г.

Алдымен шиемізді жақсылап жуып аламыз да, сүйегінен тазартамыз.

Пешімізді 180 С-қа дейін қыздырып қоямыз. Блендер немесе ас үй комбайны арқылы сүзбе, жұмыртқа, қант пен ванилинді бір қоспа болғанша араластырамыз.

Енді әрбір шиені ұнға аунатып аламыз (ұнға аунатылса, шие формасын жақсы сақтайды).

Формасы бар ыдысымызға алдымен қоспаның жартысын құйып, үстіне шиелерді орналастырамыз. Одан соң қалған жартысымен үстін жабамыз.

Қызып тұрған пешімізге салып, 50 минуттай пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Асханада болған: Айжан Кәрібаева

Құрақ көрпелер көрмесі

$
0
0

Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.

Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде.

Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау, қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатында Қазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат» деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын.

Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті.

Байқаудан өтті, он саусағынан өнері тамған шеберлер өз еншілерін алды. Ал олардың ғажап туындыларын Ә.Қастеев атындағы мұражайдан тамыз айының 19-шы жұлдызына дейін тамашалай аласыздар.

Төменде көрмеге ұсынылған туындылар.

Кривец Н. "Қазақ жәдігерлері"

Портала Н., Чеснова О. "Шаңырақ"

Портала Н., Чеснова О. "Керуен"

Портала Н. "Дүние жасау"

Радуга Т. "Қарияның әндері"

Кәрімова Ә. "Түсті бастаулар"

Узбекова Ә. "Сахаралық себептер"

Портала Н., Чеснова О. "Алтын ою"

Кап Бұлбұл "Гүлдер"

Төлебаева А. "Құрақ көрпе"

Павлова Татьяна "Алма"

Максим Белов "Алма"

Кищенко София "Алма"

Бородулина Л. "Ас үйлік"

Муханова Людмила "Алма"

Янченко Людмила "Алма"

Сабитова Софья "Алма"

Кищенко Софья "Алма"

Фусс И. "Гүл дала"

Майиндурова Г. "Нәзіктік"

Евротекстиль "Египет"

Фусс И. "Джинс қиял"

Кап Бұлбұл "Қазақ стиліндегі панно"

Балдығұлова Б. "Баян"

Янченко Н. "Жазғы таң"

Большакова М. "Сакураның гүлдеуі"

Кищенко С. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы

Янченко Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы

Мұқанова Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Алма-Ата

Большакова М. "Өмірдің бұраң жолдары"

Балдығұлова Б. "Калейдоскоп"

Смышляева И. "Тәңірі ұмай"

Кап Б. "Өмір ағашы"

Терлікбаева Г. "Қыш кітап"

Балдығұлова Б. "Жаз"

Көрменің өткізілетін уақыты: 4-19 тамыз 2012 жыл

Адресі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.

Көрмеге кіру құны:

Ересектерге - 100 теңге

Студенттерге - 70 теңге

Балаларға - 50 теңге

Материалды дайындаған Айнұр Ракишева

Шетелде білім алу: Gazi Üniversitesi

$
0
0

Айнұр Нұрпейісова ҚазҰУ-де журналистика мамандығы бойынша биыл 3-курсқа көшті. Оқу барысында Айнұр Түркия астанасы Анкара қаласындағы Гази Университетінде (Gazi Üniversitesi) білім алып, алған тәжірибесімен бөліспек.


— Өзің жайлы айтып өтсең...

— Мен Алматы қаласында туып-өстім. Нөмірі 81-ші мектептің түлегімін. 2010 жылы оқуымды аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түстім. Отбасымда анам мен әпкем түрік тілін жетік меңгергендіктен, мен де кішкентайымнан осы тілге қызықтым. 2 курсқа көшкенімде университетте шетелдік университеттермен студенттер алмасу бағдарламасы барын біліп, бұрыннан өзім қызығып жүрген Түркияның Гази Университетіне барып қайтуды жөн көрдім. Сөйтіп университетімнен сол оқу орнына қажетті құжаттарды жинап, өзара келісім шартқа отырып, 1 семестрге сонда оқуға барып қайттым.

— Шетелдік университет біздікінен немен ерекшеленеді?

— Ең бірінші ерекшелік ол жатақхана мен университеттің бір-бірімен өзара байланыссыздығы. Бір жатақханада бакалавр да, магистрант та, докторант та, әр түрлі мамандықта оқитын кез келген университеттің студенті тұра алады, әрі жатақханада студентке барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, студент уақытының тиімді бөлінгендігі. Яғни біздегідей күні бойы университетте жүрмейсің.

— Ал біздің студенттер мен шетелдік студенттерде қандай айырмашылықтар бар?

— Түркия студенттері патриот. Әрі кітап құмар. Бірнеше кітаптарды алып, бітіргенше асық.

— Сондағы ұстаздарың жайында айтап берсең.

— Гази Университеті туралы әдебиеттану ғылымдарының профессоры, Қорқыт ата кітабын зерттеуші, фольклорист Наджие Йылдыз ханымнан білдім. Сол кісі бізді Анкара қаласында жылы ниетпен қарсы алып, құжаттармен жұмыста септігін тигізді. Бұл сапарымда елеулі орын алған ұстазым осы Наджие Йылдыз болды.

— Университеттің тарихы туралы айтып өтсең...

— Университеттің іргетасы 1926 жылы Кемал Ататүріктің бұйрығымен салынған. Гази Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы бұл университет Түркияның алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орны, әрі әлемнің ең үлкен 500 университетінің бірі болып табылады.

— Университетінде қандай қызықты шаралар өтіп тұрды?

— Ол жақта болғанда қазақ студенттер болып қана қоймай, ауған және өзбек бауырларымызбен 8-наурыз мейрамын тойладық. Халықаралық мерекелерге де қатысып тұрдық. Ең басты мереке бүкіл түркі әлемі болып Наурыз мейрамын тойладық. Қазақстан Республикасының Түркиядағы ресми елшілігіндегі кездесулерге де қатыстық. Бейресми кездесулер де елімізге деген сағынышымызды біраз сейілтетін.

— Түркияға барғанда ол жақтағылар алғашында қалай қарсы алды? Қандай қиындықтар болды?

— Аса ешқандай қиындықтар бола қойған жоқ. Таныстарым, жолдастарым қандай қиындықтар бар десе — әрине, тіл. Алайда, ол шетелге алғаш шыққан адамдарда кездесетін қалыпты жағдай ғой. Бірақ маған бауырмашыл түрік қыздары көмектесті. Түркияда такси және қоғамдық көлікпен қозғалу қымбат екен. Ал тағамдары өте дәмді. Түрік тағамдары әлем бойынша француз және қытай асханасынан кейінгі 3-ші орында ғой. Ең бастысы, адал (халал).

— Көбіне елімізден барған студенттер қай мамандықта оқиды?

— Гази университетіне Қазақстаннан барған студенттер көбіне техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Сонымен бірге, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерді де кездестірдім.

— Қайда тұрдың?

— Ол жаққа барғанда жатақханада тұрдым. Бөлмелес қыздарым Африка, Кавказ ұлтының және түрік қыздары болды. Мұсылман ел болғандықтан жатақханада қыздар мен жігіттер арақашықтығы сақталған. Жатақханаға студенттің досы (ер адам) келсе, жатақханада ер адам бар екендігі ескерту ретінде айтылады. Қыздарға 24 сағат еркін кіріп шығу деген жоқ. 22.00 есіктер жабылады. Аптаның соңғы күндері 23.00 дейін рұқсат етілген. Алайда мерекелік шаралар болса, электронды рұқсат аласың. Жатақхананы күн сайын тазалап тұрады. Намаз оқитын арнайы бөлме бар. Азан шақыру үнемі естіліп тұрады. Мешіттер жиі орналасқан. Студентке қажетті дүкен, салон, асхана, кафе, бильярд, теннис, шынығу залдары, үлкен екі футбол алаңы, волейбол және жүгіру алаңы бар. Сонымен қатар, жатақхананың да кітапханасы бар.

— Түркияда бос уақытыңды қалай өткіздің?

— Анкара Түркияның астанасы және де географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқан қалалардың бірі болғандықтан, қолым босай қалса, өзге қалаларға барып қыдырып қайтатынмын.

— Түркиядағы өмір саған не берді?

— Түркия елі маған мықты білімді, жақсы достарды және өмірлік тәжірибені берді. Меніңше, Түркия еуропалық пен азиялық мәдениеттің тоғысқан жері. Түркияда болған кезімде Македония, Ресей, Парсы, Ауғанстан, Әзірбайжан, Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Ирак сияқты елдердің азаматтарымен жолдас болдым. Бұл ұлтаралық қатынастар маған тек жағымды әсер қалдырып қана қоймай, сонымен де біраз білім берді. Мысалы үшін португал, уганда тілдерін аз-маз үйрендім. Менталитеттерді салыстыра отырып, психолог та болып қалдым. Жеке өмір сүруге бейімделесің. Тұратын жеріңе, тамақтануға өзің жауап бересің. Осы орайда шетел асып қайтпай қалған студенттер жайында олардың патриоттық сезімінің жеткіліксіздігі ме деп ойлаймын. Себебі, қарапайым бауырсақты сағыну деген не десеңші.

— Түркиядан алып келген білімің Қазақстанда қаншалықты қажетті болады деп ойлайсың?

— Түркиядан алып келген білімім барлық салаға жарай алады деп ойлаймын. Себебі, жанды эфирге де араластым, түрік телеарналарынан тәжірибе жинадым, баспаханаларға да бардық. Белгілі газет журналдардың редакторларынан дәріс алдым.

— Болашаққа қандай жоспарларың бар?

— Болашақта өз саламның кәсіби маманы болам деп сенемін. Жинаған білімімді елімнің қуаттылығы үшін пайдаға асырсам деймін.

Әңгімелескен Айнұр Ракишева


Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Қазақ Ұлттық медицина мұражайына фото шолу

$
0
0

С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің тарих мұражайы
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 94 (Сейфуллин көшесінің қиылысында)
Мұражайдың жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-сенбі: сағат 10.00-14.00
Сағат 14.00-ден бастап мұрағатпен жұмыс
Жексенбі: демалыс
Мұражайға арнайы тапсырыс бойынша кез келген уақытта келуге болады.
Билет құны: тегін
Медицина университетінің ғимаратында орналасқан бұл мұражай еліміздегі ерекше мұражайларының бірі екендігі сөзсіз. Себебі мұнда медицина саласының өткені мен бүгіні туралы толық ақпаратқа қанық бола аласыз.
Жалпы мұражай үлкен екі залдан тұрады.
Бірінші зал сонау ерте ғасырдан бастап соғыс кезіне дейінгі медицинаны қамтиды.
Атағы әлемге жайылған ғұлама, әрі философ әл-Фарабидің  "Адам анатомиясы" атты кітабынан кескіндеме

«Шипагерлік баян» 15 ғасырда жазылған халық емі мен гигиена туралы көне кітап. Оның авторы қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Үлкен-үлкен 7 бөлімнен тұратын бұл кітапта 5000 жуық түрлі ауруларға қолданатын дәрі-дәрмектерді жасау жолы мен 30 түрлі гигиеналық және емдік массаж түріне анықтама берілген.

Көкшетау уезінің Макинский селосындағы Покровский шіркеуінің туу туралы кітапшасы, 1898 жыл.

Мұражайдан адамдарды емдеу алғашында қалай басталғанынан біртіндеп алғашқы дәрігерлер, олардың қолданған құрал-жабдықтарын көреміз.
Медицина институтының ректоры - Асфендияров Санжар Жағыпарұлының жұмыс үстелі.
Медицина институтында білім алған, әрі Отан үшін отқа түскен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған бұрыш.
Бұл гильзада Мәншүк Мәметованың зиратынан алынған топырақ сақтаулы.
Екінші зал медицина саласының майталмандары мен мұражай жәдігерлерінен тұрады.
Халық емі
Үндістер тайпаларының сый-тартулары:
Үйрек - ру қорғаушысы.
Шөптен өріліп жасалынған шеңбер - өмірдің басы мен соңынын нышаны.
Бизон - аман-саулықтың, күш-қуаттың нышаны.
Тайпа көсемінің сағаты.
Тайпа үндісі.
Абориген киімі. Ганадан келген делегацияның сыйлығы.

© Екпін

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайынафото шолу

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

Қазақ әуеніне жаңа өмір сыйлаған Мерген

$
0
0

Малик Зенгер

«Мерген» есімді әнші осыдан 3-4 жыл бұрын британдық Last.fm музыкалық әлеуметтік желісінен жарқ етіп, отандық интернет пайдаланушыларын таң қалдырды. Бүгінде заманауи жолмен өнерін iTunes арқылы таратып жүрген Ақмарал Зықаеваның танымалдылығы шетел асты. «Екпін» мәдениетіміздің мәртебесін асқақтатып жүрген жас талантты әңгімеге тартып, жақын танысуды жөн көрді.

— Өзіңіз жайлы айтып берсеңіз. Шығармашылықпен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз?

— Мен 13 жасымнан бастап өлең жазамын. Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқығандықтан, музыканы шығару аса қиындық туғызған емес. Мектепті бітіргеннен соң Құрманғазы атындағы консерваторияға түсіп, скрипка сыныбы бойынша бітіріп шықтым. Консерваториядан кейін қосымша тағы да шығармалық және техникалық білім алғым келді. Сол кезде екіге бөліндім десем де болады. Өйткені екі ЖОО-нына бір уақытта түстім. Біріншісі, Голливудтың Musicians Institute-та «Independent Artist» бағдарламасы бойынша болды. Бұл бағдарлама қарапайым тілмен айтсақ, «тәуелсіз суретші» дегенді білдіреді. Оған дыбыс режиссурасы, композитерлік, менеджерлік, дизайнерлік, бәрі-бәрі кіреді. Ал екіншісі, Қазақ Ұлттық Техникалық университетіне «Кибернетика» факультетіне сырттай оқуға түстім. Себебі кішкентайымнан компьютерді өте қатты жақсы көремін. Он сегіз жасымда компьютердің барлық бөлшектерін сатып алып, өзімнің алғашқы компьютерімді жинағаным бар (күліп).

— Сіздің бойыңызда тек шығармашылыққа ғана емес, нақты ғылымға да негізделген бастау бар екен. Бұл екеуін өмірде қалай байланыстырасыз?

— Миымның оң бөлігі де, сол бөлігі де бірдей жұмыс істейтіндігін сеземін (күліп). Сол үшін маған жұмыс істеу де оңайға түседі. Қазір студияның директорымын, жұмыс барысын қай жағынан алғанда да оңай қабылдай аламын. Өйткені музыканы техникалық жағынан да, шығармашылық жағынан да қалай болу керектігін жақсы түсінемін. Мысалы, бір қиын өлеңді жазу үшін оған қандай аспаптардың, қандай техникалық құралдардың қажеттігін алдын ала біліп тұрамын.

— Қандай бағыттағы музыкамен айналысасыз?

— Бүгінде «Мерген» деген лақап атпен өз шығармашылығыммен айналысамын. Негізгі бағытым фольк, электроника, трип-хоп, поп-рок. Мақсатым — шетелдік ән жазу технологиясы арқылы қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдармандарыма жеткізу.

— Бірінші альбомыңыз жайында айтып берсеңіз?

— Менің бірінші альбомым консерваторияны бітіргеннен кейін 2009 жылы 22 жасымда шықты. Альбомды жазу барысында белгілі бір концепциям болған жоқ. Жан дүниемнен не шығып жатты, соны ғана жаздым. Бұл альбомды тыңдай отырып, музыкалық өрлеуімді сезесіз. Өйткені алғашқы әндер мен кейінгілерінде кәдімгідей өзгерістер бар. Басында әнге аранжировка жасауды білмеген кезім еді, ал соңғы туындылардың аранжировкасын барлығын өзім жасап шыққанмын.

— Ал екінші альбомыңыз?

— Екінші альбомым «Аян» деп аталады. Бұл альбомымның Қазақстанда релизі болмады. «Аян» шыққанда елімізде ол жайында ешкім айтпады, ешкім жазбады. Бірақ оның релизі халықаралық болды. Өйткені «Аян» шыға салысымен бүкіл әлемнің iTunes, amazon, emusic сынды көптеген интернет дүкендерінен орын алды. Бүгінде ешқандай жарнамасыз, ешқандай пиарсыз өтіп жатыр. Ай сайын ақшасы түсіп тұрады.

— Интернет арқылы сатылып жатқан альбомдарыңыздың қаншалықты өтіп жатқандығы туралы статистика бар ма?

— Көбінесе шетелдіктер сатып алады. iTunes-та байқағаным бойынша музыкамның ұнайтындығын, оның азиялық бір өзге әуен екендігін айтып, пікірлерін қалдырып жатқан тыңдармандар көп. Статистикасына келетін болсақ, оны тіпті немен салыстырарымды білмеймін. Бүгінде бүкіл альбомды болмаса да, ішінен жеке әндерді сатып алып жатыр. Олардың саны жүзден асады. Ал тыңдалғанына келетін болсақ, bandcamp-тың есептеуі бойынша толық альбомды сегіз мыңнан астам адам тыңдап шыққан.

— Әндеріңізді халық алдында орындағаныңызды көрген емеспіз. Неге?

— Егер тура мағынасында айтатын болсам, менің әндерім халық алдында жәй орындай салуға келмейді. Себебі оларды орындағанда арнайы көркемделген сахна болуы қажет. Әнді орындап тұрған сәтте ол театр қойылымындай ерекше болмаса, тыңдарманға оны түсіну қиын.

— Сізге шабыт беретін адам бар ма? Негізінен шабытыңыз қай уақытта келеді?

— Менің нақты объектім, музам жоқ. Бірақ музыканы күндіз емес, түнде жазамын. Өйткені маған солай ыңғайлы... Мүмкін «Аян» деген сол шығар.

— Сіз әндеріңізге бірінші сөзін жазып барып музыка жазасыз ба, әлде керісінше ме?

— Мен музыка мен поэзияны бөліп қарай алмаймын. Жаңа туындым дүниеге келетін кезде біріншіден идея келеді. Сосын образды елестетемін. Біртіндеп әдемі сезімдер, қуаныш пен шаттық немесе мұңды нәрселер ойыма келеді. Нақтырақ айтсам, сеземін. Ол образдар кинодағыдай дами бастайды, сол кезде сөздер де, музыка да, біртіндеп пайда болады. Музыка жазып алып, енді бұған қандай сөздер жазсам екен деп отыру менде болып көрмепті.

Евгений Ким, Найля Нигматулина

— Эстрада жұлдыздарына көзқарасыңыз қандай?

— Жақсы деп айта алмаймын. Бірақ бұған эстрада кінәлі емес. Бізде жемқорлық көп, сондықтан да бәрі нашар. Сонымен қатар, менталитет, ой-санамыз нақты, шынайы эстраданы болдырмауда. Мысалы, теле-радионы алатын болсақ. Егер сенің туындың өте сапалы болса, ол негізінде эфирде тегін берілуі қажет. Әлем бойынша солай. Ал бізде музыкаға түк қатысы жоқ «көкелер» радионың директоры болып отырып алады да, әншілердің әндерін эфирде беру үшін олардан ақша талап етеді. Олардың ойынша, бастық болу деген - әртістерден ақша алу. Өйткені ол тек директор болғысы келмейді, сонымен қатар, өзінің дәрежесімен нәпақа тапқысы келеді. Сол үшін бізде эстрада жоқ. Тек қана жатып-ішерлер ғана бар.

— Қазір қандай жобалармен жұмыс жасап жүрсіз? Болашақта үшінші альбом шығару ойыңызда бар ма?

— Үшіншісіне, шынымды айтсам, физикалық тұрғыдан шаршадым. Қазір «Қазақ лаундж» деген жобаны дүниеге алып келіп, сонымен жұмыс жасап жатырмыз. Ол коммерциялық не әлеуметтік жоба деп айтуға келмейді. Турасын айтсам, бұл экспериментальді альбом.

— Лаундж турасында түсіндіріп берсеңіз?

— Лаундж деген музыкалық стиль. Ол біздің мәдениетімізде, тұрмысымызда, тек қана бізде емес, бүкіл әлемде бар стиль. Ол музыканы тыңдағысы келетін емес, демалғысы келетін публикаға арналған. Жалпы лаундж дегеніміз релаксацияға арналған музыка болып табылады. Лаундждың қатарына чил-аут, эмбиент, лоу-фай, даунтемпо сынды музыкалар жатады. Бұл музыка белгілі бір атмосфераға қосымша ретінде жүреді. Мысалы, әдетте қымбат кафелерде отырғанда фондық музыка шығып тұрады. Сол өзіне аса назар аударғанды қажет етпейтін, тек атмосфераға қосымша жүретін фондық музыка — релакс музыка, яғни лаундж музыка деп аталады.

Евгений Ким, Найля Нигматулина

— Сонда лаундж музыканың арнайы тыңдармандары жоқ деуге бола ма?

— Ол қате пікір. Керісінше лаундж музыканың тыңдармандары өзге жанрдағы музыкаға қарағанда өте көп. Мысалы, ауыр жұмыс күні аяқталып, үйіне шаршап келген кезде адамдардың поп, рок музыканы тыңдауға шамалары болмайды ғой. Сол кезде олар көбіне лаундж музыканы тыңдайды. Ол адамды тыныштандырады, әрі сергітеді. Лаундж музыка тіпті терапевтік мақсатта да өте пайдалы.

— Бұл бағытта ән жазып жатқандығыңыздың мақсаты қандай?

— Біздің негізгі принцип — электроника арқылы урбандалған адамдардың, соның ішінде жастардың көңілдерін халық әніне аударту. Көбіне қала тұрғындарының теледидарды көріп отырып айтыс, не дәстүрлі ән басталса, басқа арнаға ауыстырып жіберетіндері жетерлік. Ал біз сол Батысқа еліктеп кеткен адамдарды халық әнін түсінбейді екен деп қоя салмай, керісінше олардың назарын өздерімізге аудару, Қазақстанға қайтару. Қазақта да әдемі әндер, әдемі күйлер барын Батыстың тәсілдерімен, техникаларымен көрсету. Мысалы, олар Ақан Серінің «Қараторғай» әнін өмірлерінде естіп те көрмеген болар, ал біз оны осы лаундж стилінде жеткізсек, олар оның әнін немесе сазын, сөзін ұнататындығы сөзсіз. Бірақ лаундж музыканы тыңдаушы оның оригинал емес екендігін, оған түрлі аранжировка жасалғандығын жақсы түсінеді ғой. Сонда тыңдарманда бұл әннің алғашқы нұсқасын тыңдауға деген құштарлығы пайда болады. Бұдан біз халық әнін тыңдаушылар қатарын біртіндеп көбейтеміз. Сондықтан да халық әнінің насихаты жолында лаундж музыканы бір көмек деп қабылдау қажет.

— Түсінікті. Жобаңыз жайында айтып өтсеңіз. Сонымен қатар, жобаңызда лаунджға не үшін «қазақ» деген сөз қосылған?

— Бұл жобаның авторы, әрі продюсері менмін. Ал жобаның негізгі композиторы мен аранжировщигі Толықбаев Әділжан деген азамат. Мен сол Әділжанның дүниеге алып келген туындыларына электроника қосамын. Себебі лаундж музыка элекроника бағытындағы музыканың қатарына жататындығын алдында айтқан болатынмын.
Жасап жатқан лаундж музыкамыз Қазақстанның нарығын жаулап алады деген мақсатымыз жоқ. Дәл қазіргі уақытта біздің жасап жатқанымыз тәжірибе ретінде: қазақ халқы бұл музыканы қалай қабылдайды екен, оған үйрене алады ма, және бұндай музыка жасаудың қажеті бар ма, соны көру. Ал «қазақ» деген сөздің Қазақстанда жасалып жатқан барлық дүниеге қосылуы қажет деп ойлаймын.

Эмиль Амриев

— Сонда сіз дәстүрлі әнге белгілі бір электронды техникаларды қолдану арқылы өзгертулер (аранжировка) енгізгенді дұрыс деп есептейсіз бе?

— Жоқ, әрине. Бірақ не дегенімен ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, тәжірибені түрлі эксперименттер жасау арқылы ғана жинай аламыз. Аранжировка арқылы қазақтың дәстүрлі әндерін құртып жатқан жоқпыз, себебі халық әнінің берік тамыры бар. Оған қандай өзгертулер енгізсе де, халық әні болып қалады. Мысалы, мен дәстүрлі әнді дәстүрлі киіммен салыстырамын. Біз дәстүрлі киімді күнде жұмысқа киіп бармаймыз ғой, заманға сай еуропалық үлгідегі киімдерді киеміз. Дәстүрлі киімдерді мұражайдағы жәдігер ретінде қабылдаймыз. Музыка да солай, дәстүрлі халық музыкасын тек тыңдаймыз да қоямыз.

Ал қазір елімізде фэшн-индустрияның дамуына сай қазақы ою-өрнектердің, нышандардың киімімізде болғандығын модельерлерден талап етудеміз. Неге сонда қазіргі музыканы халық музыкасының элементтерімен жасамасқа?!

— Лаундж музыканы интернетпен не байланыстырады?

— Дұрысы музыканы интернетпен не байланыстырады?! Интернет пайда болғаннан кейін адамдар музыкаға оңай қол жеткізе алатын болып, CD диск шығарушылар тақырға отырды. Бұрындары бір ән танымал болу үшін радиоға беріп, телеарналарға бейнебаянын беріп, CD-ге көшіріп, таратып жататын болса, бүгінде осылардың басын қосатын жаңа алаң пайда болды. Ол — интернет. Лаундж музыка да осы интернет арқылы тарайды.

— Сонда лаундж музыканы интернеттен тыңдап, әрі жүктей аламыз ғой, иә?

— Жүктей алмассыз, бірақ тыңдауға болады. Лаундж музыкамен байланысты жоба дүниеге келгеннен соң оған арнайы интернетте парақ жасалады. Сонда автордың барлық музыкасы және музыкадан өзге оның дүниеге келуі, оны жасауда еңбек еткен адамдардың жұмысы, бұл жобаға қатысты дүниелердің барлығы сонда салынады. Сол арнайы интернет парағында тыңдауға мүмкіндігіңіз болады. Ұнаса, сатып алсыз.

— Интернет арқылы танымалдылыққа ие топтар, әншілер туралы ойыңызды айтып өтсеңіз.

— Интернет деген — еркіндік. Мұнда сен өз шығармашылығыңмен қай уақытта, қанша уақыт қаласаң да, айналыса бересің. Мұнда сен ешкімге тәуелді емессің және өзіңнің тыңдармандарың бар. Интернет әншілері блоггерлер сияқты десе болады. Бірақ олар жазбайды, ән айтады. Егер телевизияда белгілі бір формат және цензура болатын болса, интернетте олар жүрмейді. Оның, әрине, қауіп-қатері де бар, бір жағынан еркіндік те сонда. Өзім туралы айтатын болсам, мен ешқашан теледидарға, не радиоға шығуға тырысқан адам емеспін. «Мерген» менің әуестігім. Егер менің өнерім тыңдармандарға ұнап жатса, олар қалағанынша тыңдап, қалағанынша таратады.

— Жаныңызға музыканың қай жанры жақын?

— Жалпы музыканың барлық жанрларын жақсы көремін. Өзімнің музыкамды жазатын кезде де белгілі бір жанрға қатып қалмаймын. Егер мен жасағым келіп тұрған образ жанрлардың белгілі бір рамкасынан шығып кетіп жатса, оны дұрыстап, әлек болмаймын. Өйткені бірінші кезекте өлеңнің образы маңыздырақ.
Мысалы, менің жазып жатқан музыкам таңқалдыратын бір өзге сезімдер тудыруы керек болса, мен не үшін оны рэп жанрына салуым керек?! Егер мен оның рок стилінде болу керек екендігін сезіп тұрсам, оны рок стилінде жасаймын.

— Ал енді алғашқы бейне баяныңыз жайында айтып берсеңіз.

— Бейне баян түсіруге өзім құштар емеспін. Өйткені оның барлық жұмыстарын өзім жасағым келеді, ал оны жасау үшін өте көп уақыт керек. Менде ол уақыт дәл қазір мүлдем жоқ.

Ал бұл бейнебаян аяқ астынан түсірілді. Достарым неге менің бейне баяным жоқ деп таң қалатын. Ол уақытты, әрі қаржыны талап етеді деп айта бастаған едім, сонда олар біз саған түсіріп берейік деген ұсыныс білдірді. Сосын не түсіретіндігімізді ойластыра отырып, достарым осы бейне баянды түсіріп берді. Барлығы солардың арқасы, ешқандай артық шығын шыққан жоқ. Бейнебаянды түсіру барысында қаражат тамақ пен жанармайға ғана жұмсалды.

Келесі бейне баянымды қашан түсіретінім белгісіз. Себебі әндерімді визуалдауға келетін құрылғылар бізде әлі жоқ. Мен оларды Қытайдың фантастикалық киноларындағыдай 3D форматында, театрланған түрде болғанын қалаймын. Ал бізде ондай технологиялар да, ондай режиссерлер де, ондай қаржы да жоқ. Сол үшін бір сөзбен айтсам, өзімнің әндерімді бейне баянмен құртқым келмейді.

— Қандай музыканттарды, әншілерді тыңдағанды жақсы көресіз?

— Бұрын мен неше түрлі музыка, неше түрлі орындаушыларды тыңдайтынмын. Ал қазір күн өткен сайын өзім музыкамен жұмыс істегендіктен оны тыңдауым да азайып бара жатыр. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін шаршағандығым соншалық, тыныштық ең әсем әуендей көрінеді.
Егер талғам жайлы айтатын болсақ, Моцарт болсын не қазіргі заманауи музыка болсын, орындаушының жан дүниесімен жасағандығын сезсем, сүйсініп тыңдаймын.

— Отандық музыканттардан кімді ерекше атап өте аласыз?

— Біздің қазақстандықтардан ерекше Ерболаттың жұмыстары ұнайды. Әндерін қандай стильде орындайтындығы маңызды емес, бастысы ол тыңдарманына әндері арқылы нағыз қазақы рухты жеткізе алады. Әсіресе әндеріне домбыраның үнін бұзбай өз қалпында жеткізетіндігі қуантады. Ерболат бүгінде домбыраның үні мен попсалық музыканы шебер үндестіре білген жалғыз адам болса керек.

Бұл Қазақстанда, ал шетелде жүріп қазақтың музыкасын насихаттап жүрген біз біле бермейтін қаншама қандастарымыз бар. Мысалы Мамыр немесе Саадат (Saadet Türköz — Швейцарияда тұратын қазақ қыз, бұл оның сайты http://www.saadet.ch) . Бұлар Қытайда, Щвейцарияда жүрсе де, өздерінің қазақ екендіктерін ұмытпай, қазақтың музыкасын бүкіл әлемге танымал етіп жүр.

Осы орындаушылардың қазақ тілінде айтатын әндерін тыңдап көрсеңіз, шынымен де сонау кеңес заманына дейінгі кездің орындау мәнерін сол қалпында сақтап қалғандығына көзіңіз жетеді. Өзіміз уақыт ағымымен жоғалтып алған қазақ музыкасының ерекше қасиетін олар сақтап қалғандай.

Сергей Рудаков

— Өмірге құштарлық тудырып, мақсатқа жету жолында демеу жасайтын өзіңіз оқыған әдеби туындыларды атай аласыз ба?

— Жас кезімде, нақтырақ айтсам, сол 23 жасқа дейінгі кездерімде мен өте көп кітапт оқығанмын. Олардың ішінен нақты бір туындыны бөліп ала алмаймын. Өйткені ол туындылардың әрқайсысы менің жеке тұлға болып қалыптасуыма өз үлестерін қосты. Кезінде кітап оқығанды сүйетіндігім соншалық, жазушы болуды армандайтынмын. Ал қазір негізінен өз мамандығыма байланысты кітаптарды ғана оқимын.

— Музыкадан басқа немен айналысасыз, әлде негізгі мамандығыңыз музыкант және алдағы өмірді тек осы саламен байланыстырасыз ба?

— Менің болашаққа деген ерекше жоспарларым жоқ. Өйткені ертең не болатындығын, мені алдымда не күтіп тұрғандығын білмеймін. Мүмкін музыка пәнінен сабақ беретін мұғалім және бес баланың анасы болып отыратын шығармын. Мүмкін өз өмірімді отбасыма арнап, ешқашан музыка жазбайтын болатын шығармын... Сол үшін болашақта не болатындығы жайында айтудың қажеті де жоқ деп ойлаймын. Бойымда күш-қуатым барда музыкамен айналысуымды тоқтатпаймын.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Жалғас Ертай

Көкжайлауға барғанда

$
0
0

Сағат 8.20-да кездесеміз деп шештік. Бүгінгі ауа-райы кешегідей жаңбырлы бола қоймас деген ниетпен, Тимур жазып берген тізім бойынша заттарымды жинап, көңілді пейілмен далаға шықтым. Бәрі де «ереже» бойынша: балағы, қолы ұзын ашық түсті шалбар мен көкірекше, басымда кепеш, аяғымда кроссовки, арқамда рюкзак. Рюкзакқа жеңіл-желпі ауыз тиетін тамақ, термоспен шай құйып алдым. Таңғы леп керемет, таксиге отырып Абай даңғылымен Достыққа қарай бос көшемен зулап бара жаттым. Бір кезде отырғыш су сияқты болып көрінді ме, отыра бердім телефоныма қарап, рюкзагымды қайта-қайта тексеріп қоямын. Бір кезде басыма жетті: сорғалап жатқан термосым екен! Ішіндегі бүкіл шай рюкзакқа, отырғышқа жайылды. Оны бірінші рет қолданған мен дұрыс жаппағанмын ғой. Сөйтіп көңіл-күйім бұзылып, ішіндегі заттарды «сақтап» қалуға тырыстым. Далада киімімді кептіріп тұрғанда табиғатпен бірігудің алғашқы нышаны ретінде көшеде алтын күздей сап-сары тиінді байқап қалдым.

Жақсылыққа жорып, не де болса, күннің жақсы өтетініне сеніп, Медеуге баратын аялдамаға жетіп, Тимурды кездестірдім. Ол, әрине, ұйқысы қанған, сирек жүріспен өзінің "кәсіби" рюкзагын арқалауда.

Менің тауға шыққым келеді деген ниетімді жетелеп әкеткен альпинист-гидпен осылай таныстым. Тимур бірақ өзін тау туризмінің әуесқойы деп есептегенді жөн көреді.

- Тауды кішкентайымнан ұнатамын. Балалық шағымнан бір көрініс әлі есімде: тауға шығып бара жатқан әкемнің рюкзагының ішінде көңілді болып отырмын. Мүмкін тауға деген махаббат сол кезден, әкемнен дарыған болар - деп әңгімесін бастады ол.

Біз №6 автобуспен Медеуге жетпейтін "Просвещенец" аяладамасынан түсіп, тауға қарай өрмелеуімізді бастадық. Шықпас бұрын Тимур шалбар балағын шұлыққа кіргізіп, киімді алдын-ала кенеден қорғайтын спреймен септі. Сонда ғана мен бұл "қыдырыстың" бар жауапкершілігін сезінгендеймін. Алайда, алғашқы өрмелеп жүру оңай болған тәрізді. Мен де сергек қадаммен "кездейсоқ адам" емес екендігімді көрсетіп келемін. Айналамда қоршаған әдемілікке тамсанып та үлгеремін.

- Мен тауға аптасына 1-2 рет міндетті түрде шығамын. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері сондай. Алайда бұл "хобби" алдын-ала жаттығуды, аяқ бұлшық еттерін ретке келтіруді талап етеді. Әр басқан қадамыңа жауаптысың тауда. Өйткені мұндағы оқыс жағдайлар күтпеген жерден пайда болуы мүмкін.

Мен демімнің алқынып бара жатқанын сезініп келемін. Баспалдақ сияқты әр дөңге шыққан сайын басым айналып, жүрегім қысылып бара жатыр. Бақытыма орай Тимур "ал енді сәл дем алайық" деді.

- Таудың ауасы басқа. Таза. Таза ауамен тыныстап үйренбеген адамның басы айналуы мүмкін, жоғарылаған сайын қысым да жоғарылайды, сондықтан мұндай кезде бір-екі тал кептірілген өрік жеп алу керек. - Мына сөздер жаныма майдай жағып, бір-екі кептірілген өрікті жеп, су ішіп демімді келтіріп алдым. Тимурдың кез келген қиындыққа мойымай, налымас бұрын, оны шешуге тырысатын болмысы көрінді.

- Мына жерде үлкен дауыл болған, ана жақтағы шыршаларға қара, дауыл бәрін жайпап өткен. Мына жақтағы ағаштар да құлап жатыр.

- Бұл өте өкінішті жағдай.

Төмендегі суретте, сәл жақындатып қарасаңыз, тік тұрған шыршалар мен жерде қараңғылап жатқан жайпалған шыршаларды байқайсыз. Бұл расында өте қайғылы көрініс.

Мен енді өзімнің күйімнен гөрі, айналаға, табиғатқа назар аудара бастадым. Әр жасаған қадамың сені еріксіз табиғатқа жақындастыра бастайды.

Иә, қаладан 15-ақ минут ұзаған жерде осындай сұлулықтың жасырынып жатқанын біз біле бермейді екенбіз. Ал Тимурдың айтуынша, бұл жерге шетел туристері келуге құмар.

- Мен Санкт-Петербургте оқығанмын. Сонда жүргенде тауды қатты аңсадым. Жай қалада кетіп бара жатып, әдетімше жоғары қарай қалсам, тау көрінер көрініс те жоқ, тыныстайтын жер де жоқ. Ол жақта табиғат аясына шығу үшін жарты күнің кетеді. Алдымен электричкада жарты сағат, сосын тағы шеткері шығу үшін автобуста жүресің. Ал бізде қаладан сәл ұзасаң болды, жапан далаға бір-ақ шығасың. Туристер бұған өте қызығады.

Сосын Тимур маған туристерді алып жүргендегі неше түрлі қызықтарын айтып жөнелді. Олардың қастарында ол жай жүрмей, аудармашы болып қызмет көрсетеді. Осылайша тауға деген махаббаты мен тілге деген қабілеттілігін ұштастыра білген. Сондай-ақ Тимурдың негізгі жұмысы - программист. Құрбысы екеуі сайт жасаумен айналысады.

- Жұмысым үйде жасайтын іс болғандықтан, тауға шығуға деген уақытым бар. Келешекте тек әуесқой емес, кәсіби альпинизммен айналысқым келеді. Бір қуантарлығы, әлемдік деңгейде біздің альпинистердің орны ерекше. Қазақстанда Мақсұт Жұмаев, Денис Урубко сияқты бүкіл әлемге танымал, Гиннестік рекордтар жасаған альпинистер бар. Мысалы, Мақсұт Жұмаев әлемдегі барлық 14 сегіз мыңдықтарды игерген алғашқы қазақ. Соның ішінде ең қиыны - оттегісіз көтерілу К2, яғни 8611 м-лік Чогори шыңы. Ол оған 6-шы ретінен көтерілген.

Тағы да жарты сағаттан соң біз дем алуға тоқтап, киімде кене бар-жоғын тексердік. Бір кезде Тимурдың жайбарақат "ал міне кене де келді" деген сөзінен шошып кеттім. Сол кезде бірінші рет қансорғыштың қандай болатынын көрдім.

Бр-р-р-р... Тимурдың алдын ала қарсы тұратын вакцина жасағаны қандай жақсы болған. Кенені ақырындап сыдырып тастап, біз алға қарай бастық. Бір байқағаным, күн демалыс болмаса да, біз сияқты өрмелеп жүрген әуесқойлар көп екен. Оның ішінде әсіресе егде тартқан адамдар көп. Бір бұрылыста қазақ ата бізге шай ұсынса, екінші бұрылыста "экипировкасы" біздікіндей емес, жай парк аралап жүргендей бір жұпты кездестірдік.

Тимур оларға жолаушы сыйластығымен жол көрсетіп, жұбымыз ұзай берді.

Сөйтіп біз межелі жер Көкжайлауға да шықтық. Одан ары "3 ағайынды" деген шың бар екен, оған көтерілуге мен қарсы болдым :). Керісінше, Көкжайлаудың сарқырамасына қанық болдық.

Көкжайлау деген керемет жазық екен. Стол, отырғыштар қойылған.

- Соңғы рет келгенімде, мұнда бір шет елдіктер жүрген, қолдарында карта, көптеген схемалар, ай, осы жаққа бір нәрсе салып тастамаса болғаны, - деп ол қобалжуын көрсетті.

Біраз тынығып, түскі асымызды ішіп алған соң, біз қайтар жолға түстік. Жанымыздан велосипедшілер зымырап өтті. Мен жүрудің өзіне қиналып келе жатқанда (айтпақшы, түсу, көтерілуге қарағанда қиынырақ) олар велосипедте зымырап жатыр. Таң қалдым.

Жолдан мен арша иісін сезіп, оның бір-екі талын рюкзагыма салып алып кеттім. Олжалы болып қайтқаныма мәз болып, төмен қарай көңілді болып түстім (үйге келіп жаққандағы иісін айтсаңызшы).

- Демалыс күндері мұндай мүлдем аяқ алып жүретін жер қалмайды. Бір жағынан ол жақсы, біздің адамдар неге ұмтылу керегін біліп келе жатыр. Әсіресе қазақтардың көбеюі қуантады. Өйткені осыдан 1-2 жыл бұрын олар тым аз болатын-ды. Жақында бір таныс ата соңғы әлі жеткенше дейін көтерілді. "Үйде жатып өлгенше, табиғатта, сүйікті тау аясында өлгенім артық" деп жеткен жеріне дейін жетіп, қайтыс болды. Адам жаны әрқашанда бостандыққа, өзінің жан қалауы қайда тартса сонда, бастапқы тамырына тартады емес пе. Меніңше, ол шалдың арманы жоқ.

Осылай біздің әңгімеміз де тәмамдалып, жерге де жеттік.

Иә, адам жаны әрдайым өз Жер Анасына құштар. Ол инстинктті бізге бірде-бір компьютер де, робот та бере алмайды. Тек сол байлығымызды ұзаққа дейін жеткізсек екен.

Тауға шыққан Айжан Кәрібаева


«Менің Аяным» Лира Қоныс

$
0
0

Лира Қоныс 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.


МЕНІҢ АЯНЫМ

- Кешке түнгі клуб «Пирамидада» кездесеміз бе?

- Уақытым жоқ, - дедім.

Жабырқап қалды.

- Кездесу керек едік.

- Басымды қатырмашы, а?!

- Сен қазір мақұл демесең, көшеге жүгіріп шығамын да, көліктің астына түсіп өле саламын.

- Маған бәрібір.

Аян жолға қарай жүгіре жөнелді. Тал арасынан атып шыға келгенде сүліктей қара шеттік көлік ызғып келіп, тежегішін басып үлгерді. Рүлдегі жігіт түсе сала, жағасына жармасқан. Өң-түсі қалмаған.

- Сотталып кете жаздадым ғой, оңбаған!
Ұрып жатты. Аян қорғанған жоқ. Жұдырық үш-төрт рет жауып өтті. Салғырт тұра берді.

- Ұр, мені өлтіріп тасташы! Неге тоқтадың? Неге басып кетпедің?!

Көліктің иесіне қарап көзін шытынай айқай салды. Анау абдырып қалған.

- Егер өлетін болсаң біреуді жаныңа байлап кетпей, өзің өл! Сені өлтіріп алып, сотталып кетіп, бала-шағамды аш қалдырар жағдайым жоқ. У ішіп өл, атылып өл, асылып өл... Інішек, құдай үшін енді жолға қарай жүгірме!
Ол жол жиегінде жүрелеп отырып, алақанымен бетін басқан Аян мен әріректе үнсіз тұрған маған кезек-кезек қарап аз тұрды да, көлігіне мініп кете барды.

- Қарашы, мені ажал да керек етпеді.

Ештеме де айтқым келмеді. Сағатыма көз жүгірттім.

- Маған қайту керек, - дедім.
Қолын көк түсті джинсы шалбарының қалтасына салып, кілтін шығарды.

- Өзім апарым саламын...

Сонау жерде қаңтарулы тұрған машинасына бет алған.

- Бармаймын! Бәрібір мінбеймін! Сені көргім келмейді!
Айқайлап жібердім. Жолай өтіп бара жатқан қыз бен жігіт бізге жалтақ-жалтақ қараған.

- Шын ба?

- Сені жек көремін!

Келе қалған таксиді тоқтатып мініп кеттім.

***

Сөмкемнен қол орамалмен  бірге сусып жылтыр сурет те жерге түсті. Аян іліп алған. Көзінде қызғаныштың оты тұтанды.

- Бұл кімнің суреті? Мұның менен несі артық?

- Адам жанын түсіне алады.

- Оны өлтіре аламын.

- Сосын мен де өлмін.

- Сосын, оны да, сені де өлтіріп, соңынан өзім аттанамын.

Аян уәде берсе орындамай қоймайтын. Қорықтым. Алдай салып сабасына түсіруді ойладым.

- Сені жақсы көретінімді білмейсің бе?

Өз құлағына өзі сенбей аң-таң.

- Мен түс көріп тұрған жоқпын ба?

- Мүмкін.

- Онда мәңгілік оянбай-ақ қояйыншы...

Құшақтай алдым. Өзімнің аярлығымнан жиіркеніп, оны аядым...

***

- Бізге енді үйлену керек, - деді ол.

- Жоспарымда жоқ.

- Апамның жазылмайтын ауру екенін білесің. Көп күні де қалған жоқ. Кеше тым құрыса алғашқы келінімнің босаға аттағанын көріп кетейін деді.

- Орында.

- Келісесің бе?

- Басқа мәселелерді бітіруім керек.

- Мектеп бітіргенше күт дедің, күттім. Университет бітіргенше күт дедің, күттім. Енді аспирантура... Үй ал дедің, алдым. Машина ал дедің, алдым. – Күрсінді. Мұнысы ызама тиген.

- Жолыңды бөгеп тұрған кім бар? Алматыда қыз көп!

- Мен саған үйленемін деп өзімді сендіргенмін.

- Ал, мен сендірмегем!

- Әл үстінде жатқан анам үшін...

- Саған басқа қыз іздеген жөн.

***

...Ол ай болды хабарласпай қойды. Бастапқы апталарда аңғармадым. Соңғы кез ойлай бастадым. Күнде көз алдымда  жүргенге көзім жаттығып, бағаламай келгендеймін. Тым-тырыс кеткеніне мазасыздандым. Оны білетін көп жылдар ішінде тұңғыш рет жақсы ойладым. Еріксіз қағаз бен қалам алып, есімін жаза бердім: Аян, Аян, Аян... жүз рет, бәлкім мың рет жазған шығармын. Кітапханада отырмын. Терезеден екі даңғылды кесіп жүйіткіген көліктер көлбеңдейді. Тал-дарақ арасынан Аян екеуіміз репертуарын жаттап алған орыс театры қарап тұр. Кітапты жаба салдым. Бұрылғаным жоқ. Әдеттегіше, әлденені сылтауратып дидарына көз жүгіртіп алып, көңілімнен шығып жатса, тілдесуіне мүмкіндік жасамадым. Ханның ұлы болса да қарағым келмеді. Өмірімде тұңғыш рет Аянның сезімдеріне адал болуым керек деп шештім.

- «Фемиданың» соңғы нөмірін сіз алдыңыз ба?

Әлгі жігіт өтірік сылтау айтып келіп тұр.

- Алған болсам алдымда тұрмай ма?

- Кітапханашы қолда деп еді...

Көзіме реніш жинап, жаратпай қарадым. Ұзын бойлы аққұба жігіт... Орта бойлы болса да, Аян мұнан сымбатты. Қараторы болған Аянға жарасады. Аянды ақтап алдым. Жалған жымиып жоғалды. Аянға хабарласуым керек деп ойладым. Әлде... ауруханаға анасының жағдайын сұрап барсам ба? Бір ретте ауруханаға бірге баруды ұсынғанда бас тартқаным үшін өкінемін бе деймін. Кездесуім керек деп шештім. Кітаптарымды тез өткіздім. Сыртқа шықтым. Жазғы кафе көзге жылы ұшырайды. Мұнда Аян екеуміз талай келгенбіз. Түнгі клубтың да есігінде қара құлып. Оның жаны ақшам түсе кіреді. Бұл жерде Аян жақсы төбелесе алатынын дәлелдеген. Аяндап алаңға да келіп қалыппын. Көлік астына түсіп, көз жұмбақ болатыны да осы тұс еді. Онысының ақымақтық емес, еркелегені екенін қалай аңғармағам?... Жол бойында машиналардың қабаттасқан сигналы естіледі. Бұрылдым. Жас жұбайлар.

Шаңырақтарын берік болсын дедім ішімнен. Ақ лимузин алдына жүрек формасындағы ақ гүлдер қыстырыпты. Мен жиырмаға толғанда Аян осындай екі мың бір ақ розаны сыйға тартып еді... Ешқашан да Аянды ренжітпеймін деп өзіме уәде бердім. Тас орындықтардың біріне тізе бүктім. Көңілді жастар әрірекке аялдапты. Ақ көйлекті қалыңдыққа көз тіктім. Қуыршақтай бойжеткен. Көйлегі керемет жарасады. Бір шоқ қызыл гүлін қоюға ескерткішке беттеді. Ал, жанындағы күйеу жігіт... Өңіріне ақ гүл қыстырған, езуінде маған әбден таныс болған әдемі жымиысы бар күйеу жігіт – менің Аяным еді. Менің Аяным...

Лира Қоныс, «Мәңгілік сағыныш»

Жалын баспасы, 2009 ж.

Әділбек Ниязымбетов: «Бапкерім — менің екінші әкем»

$
0
0

Кеше ғана дүбірлеп өтіп кеткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан 116 спортшы қатысып, отанымыздың абыройын асқақтатты. Жаңбырлы Лондонда өткен Олипиада ойынының орны біз үшін бөлек болды. Себебі қазақ тарихында болмаған жеңіске қол жеткізіп, елімізді таныта түстік. Өзгелерге қай жағынан болса да мықты екендігімізді дәлелдеп, көк туды желбіреткенше, әнұран шырқалғанша асықтық. Бағы мен бабы шапқан спортшыларымыздың тілеуін тілеген Қазақстан халқының да жанкүйер ретінде толағайларымызға берген рухани күші мол болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдені қоржынға салып қомпайттық.


Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылатын жемісті де жеңісті сәт. Лондон Олимпиадасының алғашқы күнінде-ақ алғашқы алтынды қалтаға салған Александр Винокуров, серпе көтеруден әлем рекордын жаңартушы Зульфия Чиншанло, ауыр атлетші қыздарымыз Мая Манеза, Светлана Подобедова, ауыр атлетикадан он үш жыл бойы жаңартылмаған рекордты жаңартып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие болған Илья Ильин, Бейжін олимпиадасында жолы болмай, осы жылғы ұзындыққа секіру жарысында жұлдызы жарқ етіп жанған Ольга Рыпакова, қазақ боксшыларының мәртебесін көтерген команда капитаны Серік Сәпиевті, жалғыз күміс жүлде әкеліп маңғыстаулықтардың төбесін көкке бір елі жеткізбеген Әділбек Ниязымбетовты, қола медаль иегерлері Мария Вольнова, Иван Дычко, Ақжүрек Таңатаров, еркін күрес шебері Даниал Гаджиев, қоланы қанжығасына байлаған Гюзель Манюроваларды қанша мақтасақ та жарасады. Өйткені бұл жеңіс үшін олар ұзақ күресті.

Олимпиада ойындарында қазақстандықтарды марқайтып, жанын шүберекке түйдірген Әділбегіміз 81 келі салмақтағы былғары қолғап шеберлері арасынан күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақ халқының абыройын асқақтатып, айбынын көрсетуге атсалысқан ел азаматымен алғашқылардың бірі болып кеше сұхбаттасудың сәті түскен еді.


— Әділбек, ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісіңмен құттықтаймыз! Үнемі биік белестерден көрініп, мемлекетіміздің мерейін үстем қыла түс! Маңғыстау жұрты сені бұрыннан таныса да, Лондон Олимпиадасында саған деген сенім ерекше арта түсті. Өзің жайлы айтып өтсең...

— Отбасымнан бастар болсам, әкемнің есімі Сәбит, анамның аты Райхан. Өзімнен үлкен Батырбек атты ағам бар. Одан кейін мен, менен кейін Құмар және Әсем деген қарындастарым бар. Олар әлі кішкентай. Туылғалы бері Маңғыстау өлкесінде тұрамын.

— Боксқа қалай келдің? Боксқа келуге не түрткі болды?

— Ағам екеуміз бала кезімізде футбол ойнаушы едік. Қатты қызығатынбыз. Кейін ағам бокс мектебіне барды. Ол сол жерде жаттығып, қолғап түйістіруді үйреніп жүре берді. Мен футболымды ойнап жүре бердім. Біраз уақыт өткеннен кейін әкем мені де бокс үйірмесіне берді. Әкем боксты қатты жақсы көруші еді. Қолғап түйістіруге деген қызығушылығымды алғаш оятқан сол кісі болды. 12 жасымнан бері осы салада жаттығып келемін. Ең алғашқы бапкерім Марат ағам еді. Содан бері бір кемеде жүзіп келеміз.

— Миланда өткен әлем чемпионатына құраманың бас бапкері Дамир Буданбеков сені жарысқа алмай кетті. Бұның себебі неде? Бапкерлеріңнің сенің жеңіске жетуіңе қаншалықты әсері болды?

— Миланда өткен әлем чемпионатына бармай қалуға себеп — 2009 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында ұтылып қалуым болды. Боксшыларды да таңдаған сәтте бірқатар келеңсіздіктер болып жатады. Ал өзімнің бапкерім Марат Джакиевке айтар алғысым шексіз. Біршама тәжірибе жинақтатып, дайындық кезінде өте көп көмек беріп, білгенін үйретуден жалықпайтын. Ерінбей еткен еңбегінің нәтижесі әзірге осындай. Кейбір жарыстарға бармай қалуым, жетекшіме байланысты деп айта алмаймын. Кімнің жарысқа баратындығын басшылық қана шешеді.

— Былғары қолғап түйістіруді таңдағаныңа өкінген кездерің болды ма? Кәсіби боксқа кету ойыңда бар ма?

— Алғашқы кездері жасөспірімдер арасындағы жарыстарға шығып жүрген кезімде ұтылған сайын бапкерім Марат ағама келіп мұңымды шағатынмын. Неге менің жолым болмайды? Неге ұтылып қала беремін деген сауалдар мазалайтын еді. Үнемі ұтылып жүрген кезімде бапкерім: «Әділбек, ересектер арасына өткен кезіңде жеңімпаз боласың. Ал әзірге шыныға түс. Жеңіле білмесең, жеңістің дәмін бағаламайтын боласың! Болашағың алда!», — деп жұбататын. Тағы да жарысқа барамын жігерленіп, тағы ұтыламын. Тығырыққа тіреліп, жолым болмай жүрген кезімде де психологиялық, материалдық тұрғыдан көмектесетін. Боксты таңдағаныма өкінбеймін.

— Сонда бапкеріңнің сенің өміріңде алар орны зор дейсің ғой...

— Ия, Марат ағамды мен екінші әкем деп есептеймін. Себебі әкем мені бокс үйірмесіне әкеліп тапсырғанда Марат ағама: «еті де, сүйегі де сенікі» деген екен. Бірге жүріп көптеген қиындықтарды бастан өткердік. Аштықта да, тоқтық та да бірге болдық. Тіпті, денсаулығым болмай, сол көзімнің көруі нашарлай бастағанда да ерінбей, өзі Ресейге апарып, ота жасаттырып берген. Менің осындай дәрежеге жетіп жатқаным — сол кісінің сорғалап аққан маңдай тері мен ағарған әрбір ақ шашының арқасы. Ол кісінің менің өмірімде алар орны зор. Осындай биік дәрежеге жеткізгендігі үшін алғыс айтамын.

— Лондон Олимпиадасынан алған әсерің қандай?

— Олимпиада ойындарының жөні әрқашан да бөлек болатыны белгілі. Әрбір белдесу мен үшін өте қиын болды. Әсіресе кезең-кезең сайын қарсыластарым да мықты бола түсті. Жарыс алдында Қ.Көшербаев ағамызға: «Үмітіңізді ақтаймын» деп сөз берген болатынмын. Жарыста ұтыламын деп мүлдем ойламаған едім. Дегенмен финалда қарсыласыммен тең түстім. Екінші орынды иеленгеніме қапаланып бір күндей есеңгіреп, мазасыз күй кештім. Кейін достарым, ағайын туыстарым, жанкүйерлерім көңіл-күйімді көтеріп, әлі ақ жеңіске жететіндігіме сендірді. Күміс те жүлде екендігіне, мықтылардың сайысынан озық шыққаныма шүкіршілік етеміз. Лондон олимпиадасынан алған әсер есімде мәңгі сақталып қалатын болар.

— Жазғы Олимпиада ойындарындағы өнеріңе көңілің толмады ма сонда?

— Дәл сол сәтте көңілім толмағаны рас. Қатты күйзеліс үстінде болып, өз-өзіме келе алмай біраз жүргенім есімде. Қазір тек шүкіршілік етемін. Алдағы жарысқа толыққанды дайындықпен баратындығыма сенемін.

— Жеке өзіңнің қолғап түйістіруіңде әділетсіздік болды ма?

— Серік Сәпиев чемпион болған сәтте бір жағынан қуандым, бір жағынан қорықтым. Қуанышым — қазақтардың ішінде де алтынға қол жеткізген азаматтың болғандығы. Сескенгенім — біздің елімізде бокс саласынан бір алтын бар. Бокс жарысында мынандай жағдай болады: әр елден келген спортшы ойдағыдай өнер көрсетсе, әр елге бір алтыннан береді. Яғни, бізде бір алтын болғаннан кейін екінші алтынды бермей қойып басқа мемлекетке беріп жіберу қаупі туады. Тағы бір қауіпті жағы — Ресейден бокс категориясына финалға жолдама алған жалғыз Мехонцев еді. Бокс саласынан көрші мемлекетімізде алтын болмады. Түйсігім алдамаған екен.

— Лондон олимпиадасы қаншалықты әділетті өтті деп есептейсің?

— Жеке өзімнің жарысымда әділетсіздік болды деп айта алмаймын. Бәрі жақсы болды деп есептеймін. Бірақ қолғап түйістіру жарысы барысында кейбір салмақ дәрежелерінен әділетсіздік байқалды. Бірақ оны міне, мынау деп нұқып көрсетіп не болмаса олардың әділетсіздігін бетіне басып айта алмаймын. Олар мені тыңдамайды да. Кімге есеп қосу керектігін төрағалардың өз мәселесі. Кім медаль алуға лайық деп есептелсе, жеңімпаз сол болады. Бір мемлекеттің спортшысы медаль алуға лайық болса, жүлде береді. Ал бір ойын түрінен екі, үш медаль тек жарыс өтіп жатқан елде болатын шығар.

— Күміс жүлдегер екендігіңді естігендегі алғашқы әсерің қандай болды?

— Ең алдымен ішім удай ашыды. Егер мен 16:15 есебімен ұтылған болсам, онда ұтылғандығымды мойындар едім. Ал дәл сол кезде есептің тең түскендігіне күйіндім. Тең дәрежеде түсіп тұрып жеңімпаз бола алмау қиын екен. Күміс алғанымды естігенде есімде қалғаны көзімді тарс жұмып алып, күйінгенім. Бұл қайталанбас сәт болар. Төрт жыл бойы төккен тер еш кеткендей әсерде болғаным рас.

— Қарсыластарыңмен бұрындары қолғап түйістіріп көріп пе едің?

— Алдыңғы үш қарсыласыммен бірінші рет кездескен болатынмын. Ал Егор Мехонцевпен екі рет бақ сынап көріп, жұлдызым жанбай қалған еді. Алғаш Қазақстанда өткен чемпионат кезінде ұтылмап едім. Екінші кездесуіміз Германияда өтті. Ол кезде мен ұтылғандығымды мойындаймын. Өте үлкен есеппен ұтылдым. Үшінші кездесуімізде екеуміз де тең түстік. Төрешілер жеңісті Е.Мехонцевке берді. Бұл олимпиаданың жөні бөлек қой. Жарыстардың жарысы болғаннан кейін тек мықтылар ғана рингке шығады. Өте қиын болды. Не де болса, бұйыртқаны осы болды.

— Лондон Олимпиадасына қатысуға жолдаманы ең көп алған сала бокс еді. Бірқатар саңлақтарымыз жер сипап қайтты. Көптеген мықты боксшыларымыз тіпті финалға жете алмай қалды. Осындай жағдайдан кейін Қазақстанның бокс саласы ақсап тұр деп ойламайсың ба?

— Мен Қазақстанның боксы ақсап тұр деп ойламаймын. Себебі, еліміздің былғары қолғап түйістіру сайысынан әлемдегі деңгейі жоғары. Боксшыларымыздың мықтылығынан көптеген ел сескенеді. Ретке бөліп айтар болсақ, мықтылардың 3-4 тігінде бар екендігімізге кәміл сенемін. Осы жолғы боксшыларымыздың жүлдесіз қайтуы кейбір әділетсіздіктің болуынан дер едім. Біздің жігіттер бар күштерін салып, жеңіске қарай ұмтылып, тырысып бақты. Қазақстанның боксы ақсап тұрған жоқ. Тек оған талапты да талантты, еңбек етіп, тер төгуден аянбай, мақсатқа қарай ұмтылатын жастар жетіспейді.

— Жарыста есіңде ерекше ұмытылмастай болған сәт болды ма?

— Жарыс негізі эмоциядан тұрады. Эмоцияңды басқара білмесең жеңіліс табатының анық. Алға ұмтылу кезінде эмоция жолыңды бөгеп тастайды. Оны бұзып жарып шыққандар ғана мықты деп есептеледі. Есімнен кетпейтін сәт өте көп болды. Соның бірі ирандық Эсхан Розбаханимен болған кездесу. Екінші раунд барысында бір құлап тұрғаным есіңізде болар. Алғашқы раунда үлкен көрсеткішпен жеңіп алған соң екінші раундта оны алдап құлатамын деп ойлағанмын. Қарсыласыма қатты соққы беру мақсатында қадам басқаным сол еді, оның мықты соққысын көрмей қалдым. Соққының қатты болғаны соншалық, аяғым өзіме бағынбай қалды. Екі көзімнің оты жарқ етті. Міне, сол сәтті өмірі ұмытпаспын. Тізерлеп отыра бергенім сол еді, жаттықтыру кезіндегі соққыдан кейін өзіңді тез жинау әдісі бойымда сақталып қалғандықтан, автоматты түрде орнымнан атып тұрдым.

— Толағайларымызды ұлықтау рәсімі қалай өтті?

— Бұл жиын өте жоғары деңгейде өтті. Өмірімде мұндай толғанысқа бөленбеген болармын. Бізді қарсы алған Елбасының қатты қуанғаны жүзінен айқын білініп тұрды. Толағайларды қолдаған халқыма және бізге барлық жағдай жасаған елбасына айтар алғысым шексіз. Болашақта да спортшыларымызға қолдау көрсетуін жалғастырады деген сенімдемін. «Құрмет» орденін алғаныма қуанамын. Ауыр атлет қыздарымыз ғой көбінесе алтын алып берген. Оларға көп рахмет. Ұлықтау рәсімінде олармен жақсылап танысып, дос болып кеттік. Қазақстанның дамуына кішкене болса да өз үлесімді қосып жатқаныма ризамын.

— Маңғыстауда арнайы сенің атыңдағы спортклуб салынбақ. Бұған не дейсің?

— Толағай ретінде сый құрмет көрсеткендеріне шын жүректен алғыс айтамын. Спортклуб менің атымда болса да, бастысы ол жерде басқа да болашақ толағайлар жаттығады. Көңілге медет болары сол. Халқымның атағын дүркіретеді деп сенемін. Лондонда болған кезімде «Қазақстан деген ел бар екен» деп тамсанып жатқандығын байқадым. Міне, сол ағылшындар біздің елді спортшылары арқылы танып отыр. Ел сенімі мен үмітін арқалау ауыр жүк.

— Өмірдегі немесе бокстағы идеалың кім?

— Мен идеалсыз, ешкімге еліктемей өмір сүремін.

— «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатыңда намазға жығылғандығыңды атап өттің. Қанша уақыттан бері намаз оқисың? Бұған себепкер нәрсе болды ма?

— Намазды оқып жүргендігіме 5 жылдай болды. Жарыста да жүргенде қаза қылмадым. Намаз оқуға себепкер нәрсе болмау керек. Саналы түрде түсіне білгенде ғана ниетің қабыл болады. Намаз оқып бастаған кездерімде сүрелерді жаттау барысында біраз қиналушы едім. Қазір үйренісіп кеттім.

— Жанкүйерлеріңнің сен үшін уайымдап, тілеуіңді тілегендігін, сайысқа түскеніңде сен үшін тақымын қысатындығын сезіне алдың ба? Жанкүйерлеріңе айтарың бар ма?

— Ия, жанкүйерлердің мені қолдап, мен үшін уайымдап, түнімен ұйықтамай отыратындықтарын сездім. Достарым, ағайындарым хабарласып, тіптен танымайтын адамдарға шейін «Сенің тілеуіңді тілейміз. Жүрген жеріңде туған жердің абыройын асқақтатып жүр! Намысты берме!» дейтін. Кейбіреулері түнімен ұйықтамай, менің сайысымды көргеннен кейін жұмысқа ұйқылары қанбай баратын көрінеді. Бастықтары ұйқтамау себебін сұраса, мән-жайды айтып беретін көрінеді. Басшылары да: «Е, оларың дұрыс! Қолдау керек!» деген кездері болыпты. Халқың сенің еңбегіңді бағалағандығы үшін шаршап, ұйқысыз жүре беруге болады. Себебі ол саған сеніп, түн ұйқысын төрт бөліп отыр. Мұндай жағдайдан кейін қалай сен жігерленбейсің?! Жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз! Қазақтың жігіттерінің үлкен аренаға шыққан сәтте қолдаушысының бар екендігін көрсеткендігіне қуандым. Қазақстан спортшылары үшін уайымдап, үйдегі көгілдір экранның артынан көз жасын төгіп жүрген халқыма үлкен рахмет. Ерді елі қолдамаса, ол биікке жете алмайтынын ескерсек, биылғы тарихи жеңіс жанкүйерлердің қолдауының арқасында болды дер едім. Денсаулықтары болып, азаматтарының тілеуін тілеп жүре берсін.

— «Вnews.kz» журналисіне берген сұхбатыңда шетелге шығып демалатындығыңды айтқан екенсің? Қайда демалмақ ойың бар?

— Қайда барып демалатындығымды әлі шешкен жоқпын. Бірақ, міндетті түрде шетелде демалып қайтуым керек. Қазақстандағы демалысым демалыс болмайды. Қазірдің өзінде ұялы телефоныма тыным жоқ. Барлығымен сөйлесіп, барлығына жауап беруің керексің. Үлкен ағалар хабарласып құттықтап жатады. Жаңа қалыптасқан жағдайға үйреніспеген мен үшін бұл өте қиын соғуда. Шетелге шығып, телефонды сөндіріп, барлығын ұмытып жақсылап демалып алсам, қайтып келіп дайындықты бастаймын. Әлі күнге дейін дұрыс ұйықтай алмайтындығымды жасырмаймын.

— Болашақтағы жоспарларыңмен бөліссең?

— Болашақтағы жоспар мен мақсат Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысып, жеңімпаз атану. Дәл қазіргі таңда менде одан басқа мақсат жоқ. Рио-де-Жанейродағы сапарымда жеңімпаз болсам, спортты қою керек. Себебі жас та келіп қалды. Отбасы құрып, тұрақты жұмыс жасауым керек. Негізі спорт саласы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдағанмын. Алла бұйыртса, осы жылы юрист мамандығына тапсырып, оқуымды жалғастырсам ба деген ойым бар.

— Бокстан басқа немен айналысасың?

— Бокстан басқа футбол ойнағанды жақсы көремін. Ара тұра достарымызбен жиналып, жарыс өткізіп тұрамыз.

— Өзің сияқты болашақ Олимпиада жеңімпаздарына айтарың...

— Жастар спортпен айналысып, өздерінің денсаулығын нығайтып, денесін шынықтырып, халқымыз үшін үлкен жеңістер әкелсе екен. Тынбай еңбектеніп, мақсаттарыңа жетпейінше, тоқтамаңыздар. Жігерлеріңіз жасымасын!

— Сұхбатыңа рахмет! Жеңіске жете бер, Әділбек!


Сұхбаттасқан:

Рысгүл Мәтжанқызы

Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайына фото шолу

$
0
0

Екпіннің «Мұражайларға фото шолу» айдарының кезекті мұражайы «Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайы». Жазғы уақыт болғаннан соң театрдың келесі ашылу маусымына қызу дайындық үстінен түстік.


Мекен-жайы: Абай даңғылы, 103
Мұражайдың жұмыс уақыты: театрда қойылым болатын күндері 1-2 сағат бұрын театр тарихымен танысқысы келетіндер тобына арнайы тапсырыс бойынша экскурсия өткізіледі.
Билет құны: тегін

1968 жылдың 24 мамырында Қазақстанның  Орталық мұражайының филиалы – өнер ордасының алғашқы мұражайы ашылды. Алғашқы қазақ театрында мұндай тарихи қойманың ашылуы көрермендерді де, өнер адамдарын да қуантты. Алайда мұражайдың ашылуы оңайға соқпады. Өйткені, 1926 жылдан бастап 43 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан театр жайлы материалдарды жинап, реттеу мен бір жүйеге келтіру жұмыстарымен ешкім айналыспаған еді. Бірден-бір тарихи құжаттар болып саналатын фотосуреттер мен газет беттеріне басылып шыққан мақалаларды әр әртіс өзіне байланыстысын өз үйінде сақтаған.

Бұл үлкен папкаларда театрда қызмет еткен және қызмет етіп жүрген барлық әртістердің өмірдегі және спектакльдердегі суреттері, газет материалдары, мақалалары топталып жиналады.

Қазіргі кезде жүріп жатқан қойылымдарды бейнетаспаға түсіру мүмкіндігі болғандықтан әрбір қойылым түсіріліп, мұрағатта сақталады.

Бұның барлығы кезінде театрға берілген пьесалар жинағы. Мұнда театр тарихындағы сахнада ойналған қойылымдар мен бүгінгі күні ойналып жүрген қойлымдардың барлық жазбаша түрі.

Сонымен қатар, мұражай қорында үлкен портреттер жинағы, 30-жылдардан бастап келе жатқан көптеген спектакльдерде киілген сахналық костюмдер сақталуда.

Қадиша Бөкеева КСРО халық әртісінің сахнада киген көйлегі

Шәкен Аймановтың «Асауға тұсау» спектакльнде киген костюмі

30-шы жылдарға жататын ішік

1965 жылдан бастап театр мұражайына үш жылдық қор жинау жұмысы іске аса бастады. Сол жылы театрдан мұражай ашуға көмектесу үшін комиссия құрылып, оның құрамында: театрдың суретшісі Д.Сүлеев, театрдың актерлері Қ.Бадыров, Р.Сейтметов, С.Оразбаев, театрдың режиссерлері Е.Обаев, Ә.Рахимов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қ.Нүрпейісов, труппа бастығы Х.Каримов, т.б. болды. Аталған үш жылдың ішінде сол кездегі орталық мұражайдың директоры Есова Сара апайдың көмегімен 500-ге жуық суреттер қабылданды.

Сөйтіп 1968 жылдың мамыр айының 24 жұлдызында театр тарихындағы алғашқы мұражай ашылды. Мұражай М.Мәметова мен Абылай хан көшелерінің қиылысы, қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының ғимаратында орналасты.

Бүгінгі күні мұражайда 1930 жылдардан бастап осы күнге дейінгі қойылымдардың фотосуреттері, афишалары, бағдарламалары, өмірден озған театр әртістерінің өмірбаяны, жеке материалдары, қолжазбалары, алған сыйлықтары сақталған.

Наргиз Тамабекқызы, М.Әуезов театр мұражайының меңгерушісі:

42 жылдық тарихы бар Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театр мұражайының алға қойған жоспарлары көп. Кіші де болса, тарихы бай театр мұражайы қазақ өнерінің ірі тұлғаларының тарихын, қазақ мәдениетінің тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін ат салысып қызмет етуде.

© Екпін

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайынафото шолу

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

Қазақ Ұлттық медицина мұражайына фото шолу

Қазақ әнін YouTube-та насихаттайтын Ақбота

$
0
0

Ақбота Алдабергенова Yvision.kz блог-тұғырында танымал тұлға, оның дауысы сонау YouTube-тағы шетелдік тыңдарманға дейін де жеткен. Музыкаға ғашық талантты әнші мектепті алтын белгімен бітіріп, экономика мамандығын таңдаса да, өнерді тастаған емес.


— Сәлем Ақбота! Алдымен өзің жайында айтып өтсең...

— Мен Жания Әубәкірова атындағы мектеп-колледжді «фортепиано және вокал» сыныбы бойынша аяқтағанмын. Одан кейін Қазақ-Британ техникалық университетінің «халықаралық экономика мектебі» факультетіне оқуға түстім. Биыл бірінші курсты бітірдім.

— Вокалмен қанша жасыңнан бастап айналыса бастадың?

— Анамның айтуы бойынша алты айлық кезімнен ән салады екенмін (күліп). Ал нақты екінші сыныпта музыкалық мектепке барғаннан бастап айналыса бастадым. Бізде хор деген сабақ болатын. Сол жерде мұғалімдерім қабілетімді байқап, жеке вокалмен айналысуға кеңес берді. Соның ішінде эстрадалық вокал. Одан кейін операға бет бұрдым. Менің қазіргі дауысым опера мен эстрада арасында.

— Отбасыңда өнер адамдары бар ма? Жалпы әншілік қасиет саған кімнен дарыған?

— Анам ән айтады. Ол кәсіби тұрғыда музыкамен айналыспаса да, музыкалық қабілеті мен дауысы керемет. Әншілік қасиет маған анамнан дарыған деп білемін.

— Өнер мектебіне кім алып барды? Алғашқы ұстазың кім?

Негізі үш жасымнан бастап фортепианода ойнаймын. Өзімнің жеке педогогым болған. Ол сол кезден бастап менің музыкалық қабілетімді дамытты. Өзім кішкентайымнан ойыншық, ойын дегендерге әуес болған емеспін. Одан гөрі сурет салу, жазу, сызу қызықтыратын. Мектепке де ерте бардым. Оған менің өзімнен екі жас үлкен ағам себеп болды деп айта аламын. Ол мектепке барғандығын білгенде мен де барамын деп қоймай қойған екенмін. Алғашында музыкалық мектеп емес, жалпы білім беретін мектепте оқыдым. Өйткені анам бес жасар мені бірден музыкалық мектепке беріп, ауыртпалық түсіргісі келмеген. Осы салада алғаш дайындай бастаған мектептегі музыка пәнінен сабақ берген мұғалімімді алғашқы ұстазым деп айта аламын.

— Қанша жасыңнан бастап байқауларға қатыса бастадың? Бүгінде қандай жүлделерің бар?

Алғаш рет 2000 жылы қалалық пионистер байқауына қатысып, екінші орын алдым. Содан кейін республикалық пионистер байқауына қатысып, "ең жас қатысушы" деген номинациямен марапатталдым. Өнер жолым сол кезден басталды. Одан кейін де түрлі байқауларға қатысып жүрдім. Ал осы соңғы жылдары он бірінші сыныпты бітіруіме байланысты өнерімді тоқтата тұрдым. Өйткені вокал және фортепианодан екі дипломды қорғауым керек болды. Оның барлығы жиырмаға жуық музыкалық емтихандардан тұратын. Сосын жоғарғы оқу орнына түстім де, оқумен жүріп осы соңғы екі жылда ешқандай байқауларға қатыспадым.

Ал оған дейін 2007 жылы Болгариядағы Несебр қаласында «Солнце. Радость. Красота» деген байқауға қатысып, бірінші орынды иелендім. Кейін Санкт-Петербург қаласында өткен «Соловьи России» атты байқауға қатысып, оны да жеңіп алдым. Бұл байқаудан бірінші орын алғаным үшін Еуропа бойынша концерттік турға жолдама берді. Содан 2008 жылдың көктемінде Еуропаға концерттік сапарым басталды. Ол кезде Германия, Чехия, Польша, Венгрия мемлекеттеріне бардым. Бұл сапардан келгеннен соң Мәскеуге «Шоу — мир» деп аталатын байқауға қатысып келдім. Одан да бірінші орынды жеңіп алдым.

— Осы уақытқа дейінгі есіңнен кетпес ерекше жеңісін?

Әр жеңісім есімнен кетпейді. Өйткені әрқайсысы өзінше ерекше қайталанбас сәттерге, қайталанбас сезімдерге толы. Бағанадан бері айтқан байқауларым халықаралық байқаулар, одан басқа өз елімізде көптеген байқауларға қатысқанмын. Не дегенімен есімнен кетпейтін байқауым деп Қазақстан телеарнасында болған «Әйгөлек» балалар байқауын айтар едім. Өйткені ол менің алғашқы қатысқан телевизиялық байқауым. Басында қорқыныш болғанымен, кейін телевизияда өтетін байқауға қатысқан әлде қайда оңай екендігіне көзім жетті. Себебі онда саған қажетті барлық жағдайды жасайды. Соңында сол «Әйгөлектің» лауреаты атандым. Әдемі шоу ретінде өткен бұл байқау менің ерекше есімнен кетпес жеңістерімнің бірі.

— Өнерде үлгі тұтатын адамдарың бар ма?

Менің ең бірінші үлгі тұтатын адамым менің анам. Өйткені мені өмірге алып келген және осындай тәрбие берген сол. Бүгінгі жетістіктеріме де соның арқасында жетіп отырмын. Ал өнердегі үлгі тұтатын адамдарыма келетін болсақ, нақты мынау-мынау деп айта алмаймын. Олар көп. Олардың әрқайсысы менің ән айтуыма шабыт береді.

— Көбі сені әнші болады деп ойлаған шығар, неге экономика мамандығын таңдап кеттің?

Менің музыкалық білім алуыма ата-анам қарсы болды. Себебі олар менің болашағы жарқын мамандықты таңдағандығымды қалады. Бірақ бұл менің интернетте видео блог жүргізуіме бірінші себеп болды.

— Болашақта әнші боласың ба, әлде экономист па?

Ән айту мен үшін жұмыс емес, демалудың бір тәсілі. Ол арқылы жаныма жай табамын. Әнді өз өмірімнің бір бөлшегі деп білемін. Сондықтан да оны тастап кету әзірше ойымда да жоқ.

— Қай уақыттан бастап YouTube, Kiwi сынды видео-ресурстарға видеоларыңды сала бастадың?

Болашақта әнші болуыма отбасым рұқсат бермейтіндігіне толық көзім жеткенде музакалық энергиямды бір арнаға жіберу керек болды. Сонда YouTube-та ән салып жүрген бірнеше адамдарды көріп, мен де солай істеуге бел будым. Алғашқы видеоларымды 2010 жылдың күзінде сала бастадым. Содан бері екі жылдай уақыт та өтіп кетіпті ғой...

— Видеоны кім түсіреді? Түсіріп болғаннан соң қаншалықты өңдейсің?

Алғашында түсіруге анам көмектесетін. Бірақ кейін өзім түсіре бастадым. Өйткені өз көңілімнен шығатын видеоны түсіріп боламын дегенше анам шаршап кететін. Түсірген видеома аса монтаж жасамаймын, тек камераға келген, кеткен кездерімді басынан және соңынан алып тастаймын. Бірнеше рет түсірген видеомның ең сәттісін интернеттегі арналарыма салып шығамын.

— Көбінесе қандай әндерді орындайсың?

Мен арнайы әндер таңдамаймын. Бір өлеңді тыңдаймын, егер ол маған ұнап қалса, оны айта алатындығымды сезсем, орындаймын. Ал кейбір кездері тыңдармандарым, достарым белгілі бір әнді айтуымды өтінеді. Сол кезде солардың сұрауы бойынша орындап беремін. Мысалы, соңғы орындаған әнім «Қарлығашты» тыңдармандарым сұраған болатын.

— Қанша тілде ән саласың? Көбінде қай тілде?

Әндерімнің басым бөлігі ағылшын тілінде, одан кейін қазақша әндер. Ең азы орыс тіліндегі әндер, небары 1-2 өлең ғана.

— Бүгінде ән қоржыныңда неше ән бар? Қаншасын интернетке салдың?

Негізі өте көп. Ал интернетте менің орындауымда 43-ке жуық ән бар. Оның жартысы опералық, жиырма шақтысы эстрадалық әндер. Сонымен қатар, фортепианода ойнаған бірнеше әндерім бар.

— Бос уақытыңда музыкадан басқа немен айналысасың?

Бос уақытым онша көп емес. Мектеп кезінде университетке түскенде бос уақытым көп болады деп ойлайтынмын. Бірақ олай болып шықпады. Сабақтан қалған уақытымның барлығы музыкаға кетеді. Негізі өзім кішкентайымнан коньки тепкенді, спортпен шұғылданғанды ұнатамын.

— Кітап оқисың ба?

Әрине, оқимын. Бірақ соңғы кездері көркем әдебиетті оқуға уақыт бөле алмай жүрмін. Өзімнің мамандығыма байланысты кітаптарды оқумен-ақ уақытым өтіп кетеді.

— Ал балет, театрға барып тұрасың ба?

Жиі барып тұрамын деп айта алмаймын, алайда сәті түскенде барып тұруға тырысамын. Ең соңғы барғаным «Анна Каренина» атты балет. Негізі балеттті өте ұнатамын.

— Бүгін көптеген ата-аналар баламда талант бар, музыка мектебіне беру керек деп, кішкентайларына музыкалық білім беруге тырысады, ондай ата-аналарға қандай кеңес берер едің? Балада таланттың бар-жоғын қалай білуге болады, қай кезден кәсіби түрде оқыта бастаған дұрыс?

Спорт болсын, музыка болсын, егер балаңыздың қабілеті бар екенін көріп тұрсаңыз, оны дамытуды ерте бастаған жөн деп ойлаймын. Ал егер ол өзі қаламаса, мәжбүрлеудің қажет жоқ. Себебі бала қаламаса, одан бәрібір ештеңе шықпайтынын түсіну керек.

— Өмірлік ұстанымың қандай?

— Берілмей, бәріне төзу. Дәл қазіргі уақытта осы қағида мен үшін өте маңызды. Өйткені алда өте үлкен сын сағаттар күтіп тұр. Өмірде барлығы алма-кезек екендігін ұмытпауымыз керек. Әйтпесе барлығы жаман деп өмірден түңіліп кететіндер де бар ғой. Сондықтан, не болса да, алда жақсылық, шуақты күндер күтіп тұрғандығына сену керек деп білемін.

Әңгімелескен Айнұр Ракишева

World Press Photo жеңімпазы Самуэль Арандамен сұхбат

$
0
0

Биыл 55-рет өткізіліп жатқан World Press Photo байқауының қорытындысы бойынша Халықаралық әділ-қазылар испандық Самуэль Аранданың фотосуретін «2011 жылдың ең үздік Фотосуреті» деп таныды.

Суретте 2011 жылдың 15 қазанында Йеменнің Сана қаласындағы Президент Әли Абдулла Салехтың билік жүйесіне қарсы деманстрация кезінде жараланған ұлын құшағына алған әйел бейнеленген. Самуэль Аранда Йеменге The New York Times газетінің тапсырмасымен Corbis Images агенттігінің атынан барған.

Самуэль Аранда Испанияның Барселона қаласында дүниеге келген. Небары 19 жасынан бастап El Pais және El Periodico de Catalunya газетінде фотожурналист болып жұмыс істей бастайды. Кейін испандық efe агенттігінде израль-палестин қақтығысы туралы хабардар етіп отырған тілші болған. 2004 жылы France-Presse агенттігінде Ливан, Ирак және тағы басқа елдердегі әлеуметтік мәселелер мен қақтығыстардан ақпарат тарататын тілші болып қызмет еткен. 2006 жылы Аранда Еуропаға жетпек болған африкалық эмигранттарды түсірген фотосуреттері үшін халықаралық премия алған.

Фотосурет пен фотожурналистикаға деген қызғушылығыңыз қай кезден және қалай пайда болды?

Бозбала шағымда граффитимен әуестенетінмін, бір кездері өзімнің жұмыстарымды суретке түсіретін болдым. Содан кейін өзім туып-өскен Барселонаның маңайын түсіруді бастадым. Негізі мен әлеуметтік қақтығыстардың ортасында өскенмін, өйткені біздің ауданда иммигранттар өте көп болатын. Мен өзімнің ауданымдағы халықтың тыныс-тіршілігін суретке түсіріп, соларды газеттерге сататынмын. Бұл менің фотожурналистикаға алғашқы қадамымның бірі болды. Мен үшін бұл суреттер жоғарыдағыларға халықтың проблемасын көрсетудің бір тәсілі болатын.

Сіз Барселонада туып-өскен екенсіз, ал қазір Тунисте тұрасыз. Ол жаққа көшіп кетуіңізге не себеп болды?

Мені араб әлемінің әлеуметтік мәдениеті қызықтырды. Мұнда адамдар ашық, әрі жылы шырайлы. 2011 жылдың қаңтар айында Туниске революция оқиғасын суретке түсіруге бардым. Сонда теңіз жағасында орналасқан өте әдемі Сиди Боу Саид деп аталатын ауылды ұнатып қалдым. Онда өмір сүру де Барселонаға қарағанда әлде қайда арзан. Сол ауылдың маған ұнап қалғаны соншалық, келген соң қызыммен ақылдасып, екеуіміз осында көшіп кеттік.

Ал Йеменге қалай тап болдыңыз?

The New York Times газетіне Йеменнен фотограф қажет болды, бірақ ол кезде бұл елге кіру өте қиын болатын. Әсіресе журналистерге. Бірнеше апта мемлекетке кірудің амалын іздеп журдім, соңында редакторымның қолдауы және The New York Times фотографтарының көмегімен бір амалын таптым. Содан үш айға жуық — 2011 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралағында — Йеменде болдым.
Білуімше ол кезде Йеменде шетелдік фотожурналистер өте аз болды, небары төртеу немесе бесеу-ақ. Солардың бірі — мен. Ол жақтағы жұмысым оңай болмады, алдымнан түрлі қиындықтар кездесті, бейресми түрде елге кіріп кетіп, сонымен қатар, сонда жұмыс істеуге қалғанымның өзі... Бірақ менің айтпағым бұл емес. Өйткені әрбір фотожурналистің тәуекелге баруы — жұмысының бір бөлшегі екені мәлім. Күнделікті неше түрлі қиындықтарды басынан өткізіп жатқан адамдардың тағдырын көрсету біз үшін маңызды.

Байқаудан бірінші орын алған фотосурет қалай түсірілгендігі туралы айтып бере аласыз ба?

Мен оны 15 қазанда түсірдім. Ол күні бәрі тыныш болатын. Өйткені демократияны талап ететін және президент Әли Абдулла Салехтің кетуі мен оны жазалауды талап еткен билікке қарсы бейбіт шерулердің болуы қалыпты жағдай еді. Бір уақытта аяқ астынан бәрі өзгеріп кетті. Биліктің снайперлері шерушілерге оқ ата бастады. Танктер келіп, шерушілердің базасы орналасқан «Өзгерістер алаңына» оқ жаудырды. Одан мен демонстранттардың емхана ретінде қолданып жүрген мешітіне кіріп жасырындым. Сол хаостың ішінен тырп етпей бауырына 18 жасар ұлы Зайедті алған Әл-Кос ханымға көзім түсті. Оларды бірнеше рет суретке түсіріп үлгердім, бірер уақыттан кейін адамдар келіп, оны емханаға алып кетті. Сол күні 12 адам қаза тауып, 30ға жуығы жараланды.

Бұл фотосурет сіз үшін нені білдіреді?

Мен үшін бұл сурет Фатима Әл-Костың ұлына деген үлкен махаббатын көрсетеді. Бұл суретті көрген адамдарды, әсіресе аналарды, ол кісінің үстіндегі хиджаб емес, адам тағдыры ойландырады. 2012 жылдың ақпан айында мен Йеменге қайтып барғанымда көптеген адамдар жүлде алғаным үшін және Йемен туралы хабарламалардың жаңалықтарда қайта көтерілгендігіне өте қуанышты екендіктерін жеткізді. Сол кезде Фатима мен Зайедті тауып алғым келді. Достарымның көмегі арқасында мен олармен хабарласып, үйлеріне бардым. Фатима ханым мен оның ұлы бұл фотосурет хиджаб кию деген — террорист болу дегенді білдірмейтіндігін көрсететініне, оның арқасында көпшіліктің назары Йеменге қайта ауғандығына шексіз қуанышты екендігін айтты. Олар бұл фотосурет революцияға бір көмегін тигізетін шығар деген үмітте. Бұндай қақтығыс кезінде Фатима мен Зайедті кездестіру мен үшін толғандырарлық сәт еді. Бұл күнді өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын.

Түпнұсқа

Аударған Айнұр Ракишева

Viewing all 450 articles
Browse latest View live




Latest Images